Бір кездері ішімдікке салынып, берекесіз күн кешкен МС Сайлаубек туыстарымен байланысын үзіп, бауырларынан жырақтап қалған болатын.
Ұзақ күйзелістен соң, бір сәтте жұлдызы жанып, айы оңынан туған МС Сайлаубек Қазақстанды аралап, концерт қойғаннан кейін, ауылына аттанды. Рэпер ара-қатынасы суып, 10 жыл бойы көрмеген туған ағасымен кездесті
Туған бауырлардың арасындағы салқындық неден басталғаны туралы тіс жармаған Сайлаубек екеуара кикілжіңнің жастық шақта басталғанын ғана айтты. Ағасын құшағына алған рэпер көңілі босап, көзіне жас тығылды. Ал анасы үлкен дастарханда бүкіл туыстың басын қосты.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бұрын МС Сайлаубектің Ақтөбе облысына барып, балаларға концерт қойғанын жазған болатынбыз.