Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркіменстан: «ескі» көліктер техникалық тексеруден өткізілмейді

KAZAKBOL.COM

Ашғабад қаласында 2001 жылдан ескі көліктерді техникалық тексеруден өткізуден бас тартып жатыр. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметі жергілікті тұрғындарға сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрғындардың айтуынша, билік ескі жеңіл көліктерді техникалық қараудан бас тарту шешімін Ашғабад көлік базарында 2001 жылға дейін шыққан көліктердің көбейіп кеткенімен түсіндіреді.

«Бұл талап әзірге аймақтарға жетпеді. Ол жерлерде 1990 жылы өндірілген көліктерді де техникалық тексеруден өткізуге болады», — деді көлік жөндеушінің бірі.

Оның сөзінше, бас қаладағы көлік базарында негізінен 2001 жылға дейін шыққан Toyota Camry және Toyota Corolla үлгісіндегі көліктер сатылады.

Түркіменстанның мемлекеттік кеден қызметінің мәліметіне қарағанда, таяуда елге алғашқы тіркеуге алынғанына бес жылдан асқан көліктердің, сонымен бірге шыққан жылына қарамастан жағдайы нашар көліктердің кіргізілуіне тыйым салынған.

Бұдан бөлек Түркіменстан билігі былтыр белгісіз себептермен 2017 жылдан кейін шыққан «Мерседес», BMW, Volkswagen, GMC, Chrysler және Tesla көліктерін елге алып кіруге тыйым салған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM