Тәжікстанның «Ховар» ұлттық агенттігінің хабарлауынша, 23 шілдеде күндізгі сағат 12:00-де Душанбенің №2 перзентханасында Фирдауси есімді 10-миллионыншы тұрғын дүниеге келді.
Шохмансур Баротов пен Махфират Шокированың отбасында дүниеге келген сәбидің салмағы 3 келі 250 грамм, бойы – 50 см.
Әкесі – еңбек мигранты, анасы — үй шаруасында. Мемлекет жас отбасына астанадан үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.
Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстанда халықтың 50,7 пайызын ерлер, 49,3 пайызын әйелдер құрайды.
2000 жылдан бері тәжік үкіметі «отбасын жоспарлау» саясатын жүргізіп келеді. Оған сәйкес, әр отбасында төрт баладан артық тумауды ұсынады.
Тәжікстанда соңғы рет халық санағы 2020 жылы жүрді. Онда 9 млн 661 мың адам болған.
Постсоветтік елдер арасында Тәжікстан бала туу саны жағынан бірінші орында, Орталық Азия бойынша үшінші орында келеді.
KAZAKBOL.COM