Тәжікстан әділет министрлігі сталиндік репрессия құрбандарын мәңгі есте сақтау ісімен айналысатын «Турақұл Зехни қорын» тіркеді.
1920-жылдардан бастап 1950-жылдарға дейін мыңдаған тәжік азаматы халық жауы атанып, түрмеге жабылды немесе атылды. «Қызыл террор» құрбандары нақты қанша екені әлі күнге дейін белгісіз.
Қор Турақұл Зехни есімімен аталды. Ол танымал тәжік ғалымы, әдебиеттанушы, аудармашы. Қазақстанның солтүстігінде және Сібірде ГУЛАГ лагерлерінде тоғыз жыл айдауға болды.
Турақұл Зехнидің немересі Фаршед Зехнидің айтуынша, қор репрессия жылдарында қудалауға ұшыраған ақын-жазушылардың еңбектерін жариялаумен де айналысады. Олардың арасында Вадуд Махмуди, Ғани Абдулло, Рахим Хошим және басқалары бар.
«Қазіргі ұрпақ олардың шығармаларымен таныс емес. Біз солардың әдеби мұрасын қазіргі ұрпаққа таныстырғымыз келеді», дейді Фаршед Зехни.
Тәжік тарихшыларының мәліметінше, 1937-38 жылдары Тәжікстанда 15 мыңнан астам адам репрессияға ұшырап, солардың көбісі ату жазасына кесілген.
KAZAKBOL.COM