Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Тәжікстанда түрмеде отырған адвокат президентті сынағаны үшін айып изоляторына жабылған

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанда қамаудағы адвокат Бузургмехр Ёров президент Эмомали Рахмонның рөлі туралы абақты қызметкерлерімен пікір таластырғаны үшін 15 тәулікке айып изоляторына жабылған. Бұл туралы оның туыстары хабарлады.

Адвокаттың бауыры Жамшед Ёровтың айтуынша, 16 қарашада атап өтілетін Президент күні қарсаңында болған.

«Түрме өкілдері мен Бузургмехрдің арасында Эмомали Рахмонның қоғамдағы және елді дамытудағы рөлі туралы пікір-талас болған.

Түрме қызметкерлері оның сөзін ұнатпай, айып изоляторына жапқан. Ол бір аптадан бері туыстарымен байланысқа шықпаған.

Биыл қыркүйектің аяғында да 51 жастағы Бузургмехр Ёров он күнге айып изоляторына қамалған. Онда қамаудағыларды түгендер кезде, ол сапта болмаған. Туыстарының айтуынша, сол күні түрме басшысы Бузургмехрді әдейі кітапханаға қамап қойып, ол сапқа тұруга шыға алмай қалған.

Бузургмехр Ёров Тәжікстанда тыйым салынған «Исламның қайта жаңғыруы» партиясының сотталған мүшелерінің құқық қорғаушысы болғаннан кейін 2015 жылдың қыркүйек айында ұсталған. Оған «Алаяқтық» және «Жалған құжат әзірлеу» баптары бойынша айып тағып, 2017 жылы 28 жылға сотталған. 2021 жылы Рақымшылық заңы бойынша оның жаза мерзімі төрт жылға қысқартылған.

2019 жылы БҰҰ-ның Негізсіз қамаулар бойынша жұмыс тобы Бузургмехр Ёровтың құқығы бұзылғанын айтып, оны тез арада бостандыққа шығаруды талап еткен.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM