Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстандағы ауған мектебіне 80 мың доллар бөлінді

KAZAKBOL.COM

Америкалық үкіметтік емес ұйым Душанбедегі АҚШ елшілігімен бірлесіп Тәжікстандағы жалғыз ауған мектебіне 80 мың доллар бөлді.

Бұл мектеп Кабулда билік алмасқаннан кейін қаржылық қиындыққа тап болған. Оқу орны демеушілер көмек бермесе, мектеп жабылу алдында тұр деп мәлімдеген.

Spirit of America ұйымының өкілі Зак Баззи Тәжікстанда тұратын ауғандықтар білімін әрі қарай жалғастыра алатынын айтты.

«Мен мұғалімдер және оқушылармен кездесу үшін АҚШ-тан ұзақ жол жүріп келдім. Мен сіздерді көріп, жаңа танысым ашылып жатыр. Сіздердің қайратты екендігіңізді көріп, қуанып тұрмын», — деді ол.

Бұл грант 12 айға есептелген. Ұйым өкілдері әрі қарай да көмек беретінін жеткізді. Келесі жылға 30 мың доллар бермекші.

Душанбедегі «Сомониён» мектебі жеке ғимараттардың бірінде орналасқан. Айына 2000 доллар төлейді. Бұдан әрі интернет және көлік шығындарын Spirit of America ұйымы көтеруді мойнына алған.

Мектепте 35 мұғалім 500-ден астам оқушыға сабақ береді. Мектепте сабақ ауған оқу бағдарламасына сәйкес, перс жазуы негізінде жүреді.

Ресми мәліметке сәйкес, Тәжікстанда 15 мыңдай ауған босқыны бар.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM