Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Украина соты «Вагнер» құрамында соғысқан қазақстандықты 9 жылға соттады

KAZAKBOL.COM

Украина соты Қазақстанның 23 жастағы азаматы Шыңғыс Сейпиевті әскерге жалдану қылмысына қатысты іс бойынша тоғыз жылға соттады. Бұл туралы «Грати» украин басылымы сот үкіміне сүйене отырып хабарлады.

Іс материалдарына сәйкес, 2022 жылғы қазанда Сейпиевті «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясы Украинаға қарсы соғысуға көндірген. 18 қарашада оны ұшақпен Түменнен Ростов облысына жеткізген. Сол жерде ол келісім-шартқа қол қойған. Әскери компания оған ай сайын 200 мың рубль төлеуге уәде берген. Сейпиев ақшаны келісім-шарт мерзімі аяқталған соң алуы тиіс болған.

Желтоқсанның басына дейін Сейпиев әскери дайындықтан өткен, одан соң Луганск облысының Кременная қаласына барған. 24 желтоқсанда оны Донецк облысы Бахмут ауданының Яковлевка ауылына жіберген. Сол жерде ол бір апта соғысқан, ал 30 желтоқсанда тұтқынға түскен.

Тергеуді Украина қауіпсіздік қызметі жүргізген. Тергеу нұсқасына қарағанда, Сейпиевті № 2 Түмен колониясында соғысқа баруға үгіттеген. Бұл уақытта ол кісі зорлау қылмысы үшін 10 жылдық жазаны өтеп жүрген. «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясымен жасалған келісім-шартта сыйақы төлеу ғана емес, қылмыстық жазадан босату туралы да айтылған.

«Вагнер» әскери компаниясы 2022 жылғы жаздан бері колонияда жазасын өтеушілерді соғысқа үгіттеумен айналысып келген. Компанияның негізін қалаған Евгений Пригожин колонияларды өзі аралап, аса ауыр қылмыс жасағандарды Украинаға қарсы соғысуға көндірген. Алайда 2023 жылғы ақпанда Пригожин сотталғандарды үгіттеу тоқтады деп мәлімдеген.

Қаңтардың басында Пригожин бірінші топ рақымшылыққа ілінгенін хабарлаған. «Агенство» басылымы мен BBC Орыс қызметінің журналистері рақымшылық алғандар арасында ұрлық-қарлық, есірткі саудасы, кісі өлтіру қылмыстары үшін сотталғандар бар екенін анықтаған.

Мамырда «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясы Украинадағы соғыста 20 мың жалдамалы жауынгер опат болғанын, олардың жартысы сотталғандар екенін мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM