Украина вице-премьері Ирина Верещук гуманитарлық дәліздердің жұмысы жайлы алғашқы қорытындысын айтты.
Оның сөзінше, екі күн ішінде Сум, Тростянца және Краснополья аймақтарынан 60 мың адамды Полтаваға қарай шығарып үлгерген. Харьков облысы Изюм қаласынан үш мың адам шығарылған. Киев облысындағы қалалардан 9 наурызда 20 мың адам эвакуацияланған.
Бұдан бөлек Энергодар мен Изюм қалаларына 200 тонна гуманитарлық көмек жеткізілген.
Верещуктың айтуынша, Мариупольда қазір гуманитарлық апат қауіпі бар. Ол жаққа азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу мүмкін болмаған. Тұрғындар да қаланы тастап шыға алмай жатыр.
Киев облысының Ворзель ауылына да гуманитарлық көмек жеткізу қиын боп тұр.
10 наурыздағы БҰҰ мәліметінше, Украинадан 2,3 млн адам босып кеткен. Соғыс басталғаннан бері 516 бейбіт тұрғын қаза тапқан.
Беларусь аймағында жүргізілген соңғы келіссөз кезінде Ресей мен Украина гуманитарлық дәліз ұйымдастырып, бейбіт тұрғындарды шығару бойынша тыныштық режимін орнатуға келісімге келген. Бірақ тараптар бұл келіссөзді бұзды деп бірін-бірі айыптап жатыр.
KAZAKBOL.COM