Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Украинадағы соғыста мерт болған екі өзбек азаматының сүйегі Ресейден келді

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның Самарқанд облысы Бұлұңғұр ауданына Украинадағы соғыста мерт болған жергілікті екі азаматтың мәйіті келді.

Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, 26 және 24 жастағы екі жігіттің денесі Ресейден Өзбекстанға 19 қаңтарда жеткізілген. Жергілікті тұрғындар оларды бірден жерлеген.

Бабур Абдумүмінов пен Шахриёр Жалолов мәйіттері салынған табытпен бірге «Украинадағы соғыста мерт болды» деп жазылған құжат келген.

24 жастағы Шахриёрдің сүйегі Ресейден Бұлұңғұр ауданындағы «Катта килдон» ауылына 19 қаңтарда жеткен.

Жалоловтың туыстарының айтуынша, табытпен бірге марқұмның Украинадағы Донецк облысында былтыр 16 желтоқсанда мерт болғанын айғақтайтын құжат келген. Шахриёр Жалолов өлімі туралы куәлік көшірмесімен Азаттық редакциясы танысты. Құжатты 2023 жылғы 10 қаңтарда Ростов-на-Дону қаласының АХАЖ органы берген.

Марқұмның туыстарының айтуынша, Шахриёр – бұрынғы еңбек мигранты, Ресейдегі түрмелердің бірінде жазасын өтеп жүрген. Туыстары Шахриёрдың соғысқа қалай барғанын, қалай мерт болғанын білмейді.

19 қаңтарда Самарқанд облысы Бұлұңғұр ауданының «Қора камар» ауылына 26 жастағы Бабур Абдумүміновтің де сүйегі келді. Ол да Украинада мерт болған.

Туыстарының айтуынша, Ресейге еңбек мигранты болып барған Бабур сегіз ай бұрын түрмеге түскен. Былтыр әкесімен телефонмен сөйлескен уақытта ол түрмеге «паспортының мерзімі өтіп кетуіне байланысты сотталғанын» айтқан. Одан кейін оның тағдыры қалай өрбігенін туыстары білмейді.

Бабурдың бір досы Ресейдегі таныстары арқылы оның Украинадағы соғысқа қалай тап болғанын сұрастырған.

–​ Досым Бабурды танитын адамдардың айтуынша, жекеменшік әскери компания өкілдері оған Украинада бір ай соғысқан соң елге жібереміз деп уәде берген. Бұған қоса, оған үш мың доллар төлейміз деген. Бабур бұны Ресейдегі достарының біріне айтқан. Ол маған хабарласып, Бабурдың Украинадағы соғысқа кеткенін жеткізді, бірақ туыстарына айтпауымды өтінді. Оның анасы қатты ауырады, сол себепті оларға ештеңе айтпадым, — дейді марқұмның «Қора камар» ауылында тұратын бір досы.

Кейінгі уақытта «Вагнер» жекеменшік әскери компания өкілдерінің Ресей түрмелеріне түскен еңбек мигранттарын Украинадағы соғысқа баруға үгіттеп жатқаны туралы мәлімет көбейді.

Ресейдегі мигрант құқықтарын қорғаумен айналысатын заңгер Батыр Шермұхаммадтың айтуынша, «Вагнер» өкілдері Украинадағы соғысқа тартып, ұрыс алаңында мерт болған мигранттардың мәйіттері Ресейдің Ростов облысында жиналады, сосын Өзбекстанға жөнелтіледі.

Өзбекстан сыртқы істер министрлігі өзбек еңбек мигранттарына Ресей мен Украина арасындағы соғысқа баруға болмайтынын, шетел армиясына немесе басқа да әскери құрылымдарға қабылданғандар қылмыстық жауапқа тартылатынын бірнеше мәрте ескерткен.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM