Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Украинадағы соғыста өлген тағы бір өзбек азаматының сүйегі елге жетті

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның 23 жастағы азаматы Ш. Тожибоев Украинадағы соғыста опат болды. Бұл туралы мемлекеттік қауіпсіздік қызметі хабарлады.

Жас жігіт отбасын асырау үшін Ресейге кеткен. «Мүгедек екеніне қарамастан, ол салат дайындайтын цехта, құрылыста және жалдамалы болып істеген» дейді марқұмның анасы. Оның сұқбатын қауіпсіздік қызметі таратты.

Кейін еңбек мигранты Ресейде өз бетімен кафе ашқан, автокөлік сатып алып, жолаушы тасумен де шұғылданған.

Қауіпсіздік қызметі жариялаған видеода марқұмның анасы Ресей-Украина шекарасынан бір жолаушыны алып келе жатқан уақытта ұлы есірткі сақтады деген жаламен ұсталғанын айтқан. «Ұлым адал адам, мұндайға барады дегенге сенбеймін» дейді ол.

Тожибоевтың анасының айтуынша, Ресейде ұлы түрмеге түскен. Жазасын өтеп жүрген уақытта оны «мәжбүрлеп» Украинадағы соғысқа жіберген.

Соңғы мәрте ана ұлымен 10 қыркүйекте сөйлескен. «Ол маған хабарласып: «Апа, мен оларға әскерге бармаймын, адам өлтірмеймін десем де, олар мені мәжбүрледі» деді».

Тожибоевтың анасы ұлының сүйегінің қалдығын (белден жоғары жағын ғана) Өзбекстанға алып келген. «Мұндай тағдырды ешкімге тілемеймін. Ұлдарыңызды сақтаңыздар, ешқайда жібермеңіздер» дейді ол басқа да аналарға.

Ш. Тожибоев Украинадағы соғыста Ресей жағында соғысып жүрген уақытта өлген жалғыз өзбекстандық емес. Ақпанда Азаттықтың Өзбек қызметі Самарқанд облысы Бұлыңғыр ауданына соғыста өлген екі тұрғынның сүйегі келгенін хабарлаған.

Наурызда қауіпсіздік қызметі Қарақалпақстанның Ресейдегі түрмеде отырған бір тұрғыны Украинадағы соғыста өлгені туралы мәлімет таратқан.

Мамырда Ұлыбритания қорғаныс министрлігі Ресей билігі Орталық Азиядан келген еңбек мигранттарын Украинадағы соғысқа баруға үгіттеп жатқаны туралы хабарлаған. Мұндай үгіттеу «Сахаров» көші-қон орталығы мен түрмелерде ғана емес, мешіттер мен жұмыс орындарында, сонымен бірге жатақханаларда да жүріп жатыр деп хабарлаған Настоящее время телеарнасы.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM