Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

«Украинамен біргеміз»: қазақстандықтар гуманитарлық көмек жинай бастады

KAZAKBOL.COM

Бүгін Қазақстанның бірқатар танымал қайраткерлері бірлескен үндеу жариялап, Украина халқына гуманитарлық көмек сатып алуға қаражат жинайтынын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтарға үндеу жасағандар арасында Арман Шораев, Бақытжан Бұхарбай, Марғұлан Сейсембаев, Мұхтар Жәкішев және Санжар Боқаев бар. Олардың айтуынша, Қазақстан халқы Кремльдің Украинаға жасап жатқан әскери агрессиясына алаңдап отыр.

«Ғасырлар бойы татулығына сызат түспеген бауырлас екі елдің соғысын көру біз үшін ауыр. Украина – тәуелсіз мемлекет! Украин халқының өз елінің тәуелсіздігін қорғауға толық құқығы бар екені даусыз. Біз де Отанымыздың тәуелсіздігін барынша қорғауға дайын екенімізді айтқымыз келеді» деп жазылған әлеуметтік желідегі жазбада.

Белсенділер қорғансызға қол ұшын созу – халқымыздың қанына сіңген қасиет екенін атап өтіп, қазақстандықтарды украин халқына көмектесуге шақырды.

«Кез келген соғыс – ауқымды гуманитарлық дағдарыс. Біз, бауырлас Украина халқымен біргеміз дегіміз келеді! Құрметті қазақстандықтар, сіздерді тағдырлары қыл үстінде тұрған украин халқына қолғабыс етуге шақырамыз! Украина еліне арнайы жіберілетін дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды жинап, гуманитарлық көмек беруге шақырамыз!», – делінген үндеуде.

Гуманитарлық көмекті (медициналық препараттарды) қабылдау пункттері:
1. Нұр-Сұлтан қаласында: Украина Елшілігі, Жылыой к-сі, 12
Байланыс нөмірі: +7 707 299 93 57 Рахимбек
2. Алматы қаласында: Фонвизин к-сі, 10, 307 каб.
Байланыс нөмірі: +7 771 377 77 73
Қажетті дәрі-дәрмектердің тізімін Украина елшілігінен алуға болады.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM