Мен осыған дейін Қазақстан – бокстың Меккесі деп айтқам. Бұл сөзімнен әлі де бас тартпаймын.
Қазақстанда өтіп жатқан парламенттік сайлау барысын бақылаушылардың қатарында белгілі ресейлік спортшы, Мемлекеттік дума депутаты Николай Валуев бар. Спортшы саяси доданы бақылаумен қатар, қазақстандық спортшылармен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz
«Мен осыған дейін Қазақстан – бокстың Меккесі деп айтқам. Бұл сөзімнен әлі де бас тартпаймын. Өйткені кәсіби спортшылардың басым бөлігі осы елден шыққан. Тіпті Кеңес Одағы барысында да әлем елдерің тізе бүктіріп, намысты қолдан бермеген»,- деді Николай Сергеевич.
Валуев, Қазақстандық спортшылардың кәсібилігі жайында қойылған сұраққа былай жауап берді: Мына сыңған мұрнымды көріп тұрсыздар ғой, оны маған қазақстандық спортшы сындырған (күледі). Әлі есімде, Ақтау қаласында болғанбыз, ол жылдары бұл қала Шевченко деп аталған. Мен онда алғашқы спорттық жарыстардың біріне қатысқам,- деп жауап берді.
Фото:newnum.ru
KAZAKBOL.COM