Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Венгрия үкіметі қазақстандықтарға 200 білім грантын тағайындады

KAZAKBOL.COM

Мажарстан үкіметі бөлген 200 гранттың 90-ы – бакалавриатқа, 90-ы – магистратураға, 20-сы – доктарантураға тиесілі.
Венгрия үкіметі Қазақстанмен арадағы дипломатиялық қатынастың 25 жылдығына орай қазақстандықтарға 2018 жылға арналған 200 білім грантын бөлді. Бұл туралы ҚР-дағы Венгрия елшісі Андраш Барани Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслиxатында мәлімдеді, — деп xабарлайды Baq.kz.

«2017 жылдың басты оқиғаларының бірі ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мырзаның қатысуымен ҚР және Мажарстан арасындағы дипломатиялық қатынастың 25 жылдығын тойлау аясында білім саласындағы ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қойылды. Биылғы оқу жылынан бастап венгрлік ЖОО-лар қазақстандық студенттер үшін 200 білім грантын бөліп отыр», — деді ҚР-лағы Венгрия елшісі Андраш Барани.
Мажарстан үкіметі бөлген 200 гранттың 90-ы – бакалавриатқа, 90-ы – магистратураға, 20-сы – доктарантураға тиесілі.

Бұл білім грантын иелену үшін 2018 жылдың 16 ақпанына дейін онлайн тіркеу жүреді. Осы тіркеу арқылы кез келген студент қандай университет барын, қандай мамандықтарға тапсыруға болатынын біледі. Онлайн тіркеуден өткен үміткердің құжаттары 23 ақпанға дейін қабылданады. Соңғы шешімді Мажарстан тарапы қабылдайды.

«Білім гранты иелері тегін жатақxана, ай сайынғы шәкіртақы және тегін медициналық сақтандырумен қамтамасыз етіледі», — деді ол.
Құжат тапсыратын азаматтар 2000 жылдың 31 тамызынан бұрын дүниеге келуі, яғни 2018 жылы 1 қыркүйекке дейін 18-ге толуы тиіс.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM