Ресейдің «шетел агенті» тізіміне кіргендердің 40% астамы журналистер мен БАҚ өкілдері. Бұл туралы «Верстка» басылымы жазды.
Ақпаратқа қарағанда, тізімдегі 274 адамның 112-сін журналистер құрайды. Екінші кезекте саяси және азаматтық белсенділер кірген. Олардың жалпы саны — 33.
Былтыр бұл тізімге музыканттар, актерлар, суретшілер және жзушылар да енген. Олардың жалпы саны — 26. Тізімде сонымен бірге 25 оппозициялық саясаткер бар. Олар думаның бұрынғы депутаттары және саяси қозғалыстардың лидерлері.
Бұдан бөлек «шетел агенті» тізімінде блогерлер (18), құқық қорғаушылар (13), саясаттанушылар (12), ғалымдар (12), заңгерлер (9), кәсіпкерлер (9), әскери сарапшылар (2) және діни қызметкерлер (2) бар.
2022 жылы орыс соттары «шетел агенттеріне» белгілеген айыппұлдардың сомасы 60 есеге өскен: 2021 жылы оларға 3,8 миллион рубль айыппұл салынса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 228,6 миллион рубльге жеткен.
Ресейде «Шетел агенті» туралы заң 2012 жылы қабылданып, кейін бірнеше рет өзгеріс енгізілді.
«Система» журналисінің «шетел агенті» тізіміне қалай кіріп қалуы мүмкін екені жөніндегі пікірі:
KAZAKBOL.COM