Төсек қатынасы. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды
Бұндай жағдайға тап болған жастар оның себеп-салдарын анықтап қана қоймай, олқылықтың орнын толтыратын айла-амалдарды да жасап көргендері дұрыс шығар. Бастысы эксперимент жасаудан қорықпау.
Чапман және Индиана университеттері мен Кинси институтының зерттеушілері әйел адамға төсек қатынасында қалай ләззат сылайуға болатынын анықтап көрді.
Нәзік жандылардың ер адамдарға қарағанда толыққанды ләззатқа бөлінуі сирек кездесетін жағдай және бүгінде бұл ғылыми дәлелденген. Зерттеушілер 52 000 адамға сауалнама жүргізіп, ер азаматтар 95%-ы ләззат алса, әйелдердің тек 65%-ы ләззатқа ие болатындығын анықтаған. Ендеше бұл статистикалық көрсеткіштерге қалай ықпал ете аламыз?
Зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар әйелдердің толыққанды ләззатқа жетуіне көмектесетін таптырмас формула ойлап тапқан. Зерттеуге қатысқан нәзік жандылар жыныстық қатынасқа қатысты «құштарлықпен сүйісу, жыныстық мүшелерін аймалау және жыныстық қатынасқа түсу» әдістері оларды ерекше ләззатқа бөлендіріп, төсек қатынасына тың серпіліс беруге көмектесетіндігін алға тартады.
Яғни осы үш ләззат түрі қатар жүргенде кез келген әйел оргазмды сезінетін болып шықты.
KAZAKBOL.COM