Қазақстандық әнші Әйгерім Қалаубаеваның өзінің қызымен бірге жасаған арнайы фототүсірілімі көпшілікті тәнті етті деп хабарлайды NUR.KZ.
Фото Әйгерім Қалаубаеваның Instagram парақшасынан алынды
Әнші өзінің Instagram-дағы парақшасына кішкентай қызы Айданамен бірге түскен суреттерін жариялап, «Қыр гүліндей көркем, Ақ тотыдай еркем» деген сынды сөздер жазған.
Анасы мен қызының көздің жауын алатын әдемі суреттері желі қолданушыларына ұнап қалған. Олар Әйгерімнің қызына түрлі тілектер айтып, «өзіңіз секілді танымал әнші» болсын деп пікір қалдырыпты.
KAZAKBOL.COM