Ташкентте IV Халықаралық PROlogue кинофестивалі өтті. Байқаудың жабылу салтанатында жеңімпаздар марапатталды.
Өзбекстан мен Қырғызстан бірге түсірген «Делбирим» фильмінде басты рөлді ойнаған қырғызстандық Мадина Талипбекова «үздік актриса» атанды. Үздік актер номинациясында да қырғызстандық Акылбек Абдыкалыков «Түнгі жол апаты» фильміндегі бас рөлі үшін озып шықты.
Шыңғыс Айтматов повесінің желісімен түсірілген «Делбирим» фильмі үлкен экранға 6 желтоқсанда шығады. «Түнгі жол апаты» фильмін режиссер Темир Бирназаров түсірген.
KAZAKBOL.COM