Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда үшінші көшпенділер ойындары ашылды(видео)

KAZAKBOL.COM

Жексенбі күні Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Бактуу-Долоноту ауылындағы ипподромда үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу рәсімі басталды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Ойындардың ресми ашылу рәсіміне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия президенті Режеп Ердоған, Ресей құрамындағы Татарстан республикасының президенті Рустам Минниханов қатысып отыр. Сонымен бірге Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, Біріккен Араб Әмірлігіне қарасты Фужейра әмірлігінің мұрагер ханзадасы, шейх Мұхаммед бин Хамад бин Мұхаммед Әл-Шарки да Қырғызстанға келген.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2012 жылы Қырғызстан үкіметінің бастамасы бойынша көшпенділер өркениеті мәдеиетін жаңғырту және сақтау мақсатында дүниеге келген. Бұл ойындар ұлттық ойындар мен этноспорт қозғалысын дамытуға атсалысуды көздейді.

Биылғы ойындарға әлемнің 66 елінен және Ресей федерациясының 11 субьектісінен барлығы 1,5 мыңнан астам спортшы келген. Ойындар барысында 594 медаль – 174 алтын, 173 күміс және 247 қола медальдар сарапқа салынады.

Үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы жүлде қоры 28 миллион сомды құрайды. Дүбірлі жарыс қыркүйектің 8-іне дейін жалғасады.

Бұл ойындардан 58 елден келген 500-ден астам БАҚ өкілдері хабар таратады. Олардың арасында 50 телеарна, 12 радио, 67 ақпарат агенттігі, 48 газет пен 50 блогер бар.

Ресми деректер бойынша, үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге 2018 жылы бюджеттен 307 миллион сом қарастырылған. Бұған қоса ұйымдастырушылар демеушілер көмегін де тартқан.

Қырғызстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ең алғаш рет 2014 жылы өткізген. 2016 жылы екінші ойындар өтті.

Келесі, төртінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2020 жылы Түркияда өтпекші.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM