Фто: qamshy.kz
Қырғызстанның Джалал-Абад облысы Созақ ауданынының 15 жастағы тұрғыны «10 000 сом ұрлады» деп тағылған айып үшін өз-өзіне қол жұмсады. Жеткіншектің ата-анасы бұған ауылдастары менен милиция қызметкерлерін кінәлап отыр деген ақпарат қырғызстандық сайтта пайда болды деп хабарлайды Қамшы порталы.
15 жастағы баланың өзін-өзі өлімге қиюы бүкіл Сымқат ауылының тұрғындарын есеңгіретті.
23 қазан күні кешке туыстары Шерзат Әлімбековті асылып тұрған жерінен тапқан. Бала ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмады. Шерзаттың суицидке бару себебін көкесі Эркинбек Әлімбеков былай деп түсіндіреді.
«Кубаныч есімді баланың қалтасынан 10 000 сом жоғалыпты. Ұрлықты менің жиенімнен көріп, ұрып-соғып, қоқан-лоқы көрсетеді. Жиенім бар кінәні өз мойнына алуға мәжбүр болады. Бірақ «кінәлі емес екенін, 10 000 сом алмағандығы» туралы маған сыр шертіп, көмек қолын созуымды өтінеді. Содан соң милицияға барып, басшылықпен кездестім. Басшы болса арыз жазған күні менің жиенімді темір торға отырғызатынын жеткізді. Үйге келген уақытта жиенімді әңгіме тартып, өз кінәсін расында да мойындай ма деп сұрадым. Шерзат не кінәсіз екендігін дәлелдеп шығатынын, не өз-өзіне қол жұмсайтындығын айтты. Мен бұл сөздерге «бала ғой, аңдамай айта салды» деп мән бермедім», — дейді ол.
Ал марқұм баланың әкесі милиция тарапынан жасалған қысым болмағанда баласы өз-өзін өлімге қимайтындығын айтады.
«Сол күні баламды кінә таққан баланың көзінше жападан-жалғыз, үй іштегілерін ескертпей, ата-анасын шақыртпай тергейді. Кейін мені де шақырады. Алайда мен келгенге дейін балама түсінік хатын жаздырып алады. Шерзаттың қалтасында біреудің дәретхана шұңқырын қазып бергені үшін алған 3500 сомы бар екен. Милиция 3500 сомды заттай дәлел ретінде қарастырады. Ең соңында мен 10 000 сомды кінә тағушы жаққа бердім. Олар болса арыздарын қайтарып алады. Милиция дегенмен қалтадан шыққан 3500 сомды бермей қояды. Ақшасын ұрлатып алған баланың әкесі Бақыт Токтосунов кезінде органда істегендіктен милицияның бүйрегі сол тарапқа бұрып тұрды», — дейді ол.
Фто: qamshy.kz
Суицидке бармас бұрын Шерзат айыптаушы жақ таяқ астына алғандығын, шын мәнінде кінәсіз екендігін, анасын қатты сағынғандығын, ақша табу үшін Ресейде жүрген анасын көргісі келетіндігін айта отыра соңғы хатын жазыпты.
Фто: qamshy.kz
Хат мазмұны: «Папа, мен Бақыт бай-әкенің 10 000 сомын ұрлаған емеспін. Түнгі сағат екіде Бақыт бай-әкенің ұлы мені ағашқа байлап, 10-15 рет арқамнан, 5-6 рет басымнан, бетімнен ұрғаннан көз алдым тұманданды. Мені өлтіре ме деп қорықтым. Қорыққаннан кінәні мойындай салдым. Бұл хатты сіздерден бөлек 2-3 адамға да жаздым. Папа, мен тек анамның келуін күтіп жүрмін. Егер ол 2-3 күнде келетін болса, оны бір рет көрсем жеткілікті. Менің 3500 сомым, сіздің 10 000 сомыңыз үшін олардың 100 000 сом беруін талап етемін. Мені басқа жерден іздемеңіздер. Мен Бақыт бай-әкенікінде боламын. Соңғы сөзім – арым таза», — деп жазған жеткенішек соңғы хатында.
Шерзаттың әкесі Талант Әлімбеков кінәлі кім болса да өз жазасын алуы керектігін айтады.
KAZAKBOL.COM