Қытайдың Хубэй провинциясында Ией Мяомяо есімді 7 жасар қыз бала науқас атасы мен әжесіне қолғабыс ету үшін өзге қалаға көшкен анасына еруден бас тартты деп хабарлайды islam.kz.
Ией мектептен келген соң қуыршақпен ойнамайды немесе үй тапсырмасына отырмайды, бітпейтін үй шаруасымен айналысады: кір жуады, ас пісіреді, бау-бақшаға қарайды. Оған тамақ дайындау үшін табуреткаға шығуына тура келеді, өйткені, оның бойы плитаға жетпейді. Өткен жылы оның әкесі автокөлік апатынан қайтыс болған, ал анасы өзге қалаға көшпек болады.
Алайда, Ией науқас атасы мен әжесін ойлап, анасына еруден бас тартады. Иейдің әжесі жүйке сырқатына шалдыққан. Ал атасы сирек кездесетін тері дертінен азап шегіп келеді. Олар өзгелердің көмегінсіз өмір сүре алмас еді. Жылдан жылға ауру меңдеген қарттардың халі мүшкіл. Бұқаралық ақпарат құралдарында Иейдің басындағы жағдай жария болған соң қайырымды оқырмандар оған 840 доллар жинап берді.