Тізерлеп кешірім сұраған қызметкерлер. Фото әлеуметтік желіден алынды
Samsung компаниясының қызметкерлері күтпеген жерден тізерлеп тұрып, кешірім сұрады.
Қытайдың Шицзячжуан қаласында өз дилерлері және баспасөз өкілдерімен кездескен олар Galaxy Note7 смартфондарындағы ақау үшін кешірім өтінген.
Тізерлеп тұрып кешірім сұраған компания қызметкерлерінің бұл әрекеті көпшілік арасында дау туғызды. Себебі, Қытайда тізерлеп отыру халықтың көңілінен шыға бермейді.
Ал компания өкілдерінің айтуынша, бұлай кешірім сұраған кореялық әріптестері екен. Кәріс дәстүрі бойынша, тізерлеп кешірім сұрау шынайылықтың белгісі саналады.
KAZAKBOL.COM