Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қытайдағы қазақ көші

KAZAKBOL.COM

Қытай қазағы, белгілі фотограф Серік Мұқыштың фотосуреттері бұған дейін «National Geographic Қазақстан» сайтында жарияланып, оқырмандар таңданысын тудырған болатын.

Сұранысқа орай автордың фоторепортаждар сериясы аталмыш сайтта жалғасын тапты. Бұл жолы талғамнан туған туындының тақырыбы – «Көш». Суретшінің шешімі бойынша, бұл ақ-қара түспен берілуге тиіс тақырып екен.

«Қытайдағы басқа ұлт өкілдерінің қазақ салтын бұрмалап көрсеткен фоторепортаждары менің осы жолға түсуіме бірден бір себепші болды. Фотограф болып, сапарға шыққаныма 23 жыл толыпты. Соның ішінде 2006 жылдан бері қазақ көшін бақылап келемін. Бұдан кейінде түсіре бермекшімін», – дейді Серік Мұқыш.

Шыңжаңның солтүстігіне орналасқан Алтай аймағы –Еуразия құрлығының бүйірі саналады. Бұл өлке қазақтары өзіне тән неше мың жылдық тарихы бар көші-қон дәстүрін берік сақтап келеді. Сондықтан да, Қытайдағы басқа ұлт өкілдерінен тұратын тілшілер, фотографтар қазақтың осы көшінің ерекшеліктерін елдің іші-сыртына барынша насихаттаған.

Ондай фотографтардың көші-қон тақырыбындағы фото шығармалары ел ішінде де, халықаралық деңгейде де жүлдегер атанып жүр. Сондықтан болар, Алтайдың жазы мен күзіндегі көшіп-қону мезгілінде неше мыңдаған басқа ұлт фотографтары Алтай тауынан табылады.

Көшпелі қазақтың өмірі қандай, салты ше? Көші-қон барысындағы тұрмыс-тіршілігі нешік?

«Дәл осы тақырыпты таңдап, өз ұлтының өмірін, мәдениет-салтын, олардың тағдырына тереңдей барлап фотоға түсіру тек қазақтың ғана қолынан келеді деп білемін. Осы оймен 2009 жылдан бастап көші-қон тақырыбын түсіруді жоспарлап, деректі фотоның құдіретін әйгілеуге күш салдым», — дейді Секең.

Автор Шыңжаңның Алтай аймағындағы Алтай қаласына қарасты өңірдегі қазақтың көші-қон өмірін, шынайы қиыншылықтарын түсіруге ыңғайлы келетін Сарқусын және Алақақ ауылдарының көш жолдарын фотоға түсіруді таңдады. Осы түсірілім Алтай қаласына қарасты Шеміршек, Сарқусын жайлауларына баратын көш жолындағы Аятолла отбасының өмірінен хабар береді.

«Көш басталғалы жаңбыр толастамады. Күн сайын жаңбыр. Тіпті, кей күні 11 сағатқа дейін жауады. Иә, мұндай жағдайды көзіммен көріп, жаныммен сезіндім», — дейді автор.

Ал көші-қонның ең жапалысы, ең ауыры– қысқы көш.

Бұл көште Алтай қаласының Алақақ ауылының малшылары бейнеленген. Алтайдың қысы қатты әрі ұзаққа созылады, оның үстіне қорға деп әзірленген жем-шөп шекті болғандықтан, күйі жақсы қойларды Сауыр тауына апарады.

Олар Ертіс өзені бойындағы қыстауларынан 300-400 шақырым шалғайдағы қысы жайлы Сауыр тауына аққар, көкмұз жастанып, 3-4 күнде зорға жетеді.

Солтүстігін Алтай тауы, оңтүстігін жоңғар ойпаты иеленіп жатқан бұл аймақтың 33 пайыз жері тау сілемдерінен тұрады. Ал 46 пайызы қуаң жер.

Алтай аймағы тауларының биігі теңіз деңгейінен 4375 метрге дейін жетеді. Мұнда 360 мыңға жуық қазақтар тұрады. Олар осы өңірдегі жалпы халық санының 54 пайызын құрайды.

Шығыс солтүстігі Моңғолиямен, солтүстігі Ресеймен, ал батысы Қазақстанмен шекараласып жатыр. Қайнары Алтайдан басталатын Ертіс өзені бұл елдегі бірден-бір солтүстік мұзды мұқитқа құятын өзен саналады. Мұнда шамамен 160 мың қазақ ұлты мал шаруашылығымен айналысады. Бұл осы өңірдегі қазақтардың шамамен 45 пайызына тең.

Көшке қамдану алдындағы бір сәттік демалыс. Ит те ұзақ сапар алдында тынығып жатыр.

Аз тыныстағаннан соң көш қайта жалғасады.

Көш қамына кіріскен үлкендер кейде баланы да ұмытатын кездері болады. Қазақ ертегісінде жиі кездесетін «көште қалған бала» туралы әңгіменің төркінінде шындық жатыр-ау…

Көш көлігі үшін ерекше бағалы мал – түйе. Түйені қазақ сиырдан сирақты деп ардақтап, «Бақырауық демесең, бағалы көлік түйе ғой» деп көшке бола оны ерекше бағалаған.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM