Димаш Құдайберген. Фото: instagram
Жобаның жетінші айналымның түсірілімі бүгін таңда аяқталған. Нәтижесінде, қазақтың «Дайдидау» әнін Қытайдың сахнасында әуелеткен отандасымыз үздік үштіктен көрінді.
Аталмыш кезеңнің бас жүлдесін Гонконг қаласының тумасы Sandy иеленсе, жобаға жаңа қосылған Ли Цзянь екінші орын алған.
Айта кетерлігі, жобада о баста қосылған жеті әншінің тек төртеуі ғана қалды. Димаш жалпы есеп бойынша үшінші орыннан түскен жоқ.
«Singer 2017» байқауының алтыншы кезеңі эфирден 25 ақпан күні көрсетілетін болады.
KAZAKBOL.COM