Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қызылорда облысында сексеуіл саудасы қызып тұр

KAZAKBOL.COM

Қызылорда облысының тәртіп сақшылары өткен жылы сексеуіл саудалау бойынша 50-ге жуық іс қозғаған.

Бүгінде сексеуіл ағаштарын кесуге де, сатуға да заңмен тыйым салынған. Алайда орман отап, пайда табатындар алқаптарға балта сілтеуден әлі тайынар емес. Себебі қызыл шоғының қызуы зор өсімдіктің өтімділігі жоғары, деп жазады  Хабар 24 арнасы.

Қызылорда облысының тәртіп сақшылары өткен жылы сексеуіл саудалау бойынша 50-ге жуық іс қозғаса, табиғат қорғаушылар мемлекеттік орман қорына зиян келтірген 40 шақты деректі анықтады. Аймақтың құм көшкінінен қорғаныштық қалқаны саналатын сексеуілді аяусыз кесіп, сату жағдайлары заңмен шектелсе де, әсте тоқтайтын түрі жоқ. Кафе, дүңгіршек, жеке сауда орындарында жасырын саудаланады. Оған осы рейд барысында көз жеткіздік. Қара базарда 5-6 сексеуіл сүрегі салынған әр қаптың құны 500 теңге шамасында. Полиция қызметкерлері ескерту парақшаларын таратып, ұсталғандарын жазаға тартқанымен, заңсыз отын сату бизнесінен бас тартушылар азаймай отыр.

Жолдас Өтепбергенов, ЖПҚ табиғат қорғау полициясы бөлімінің инспекторы: – 2017 жылдың басынан заңсыз сексеуіл сындырған 47 дерек анықталып, ол бойынша қылмыстық істер қозғалып, тиісті процессуалдық шешімдер тапты.
Баз біреулер тәртіпке бас имей, тек пайда ойласа, орман шаруашылығы қызметкерлері өсімдік қорын молайтумен әлек. 1990 жылдардың басында 54 мың гектар жерге сексеуіл егу басталған. Қаржы тапшылығынан ол іс аяқсыз қалып, тек 2002 жылы қайта жалғасты. Бұл ретте халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылған жобалар жемісін беріп отыр.

Айбек Жоламанов, «Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ бас маманы: – 2008-2014 жылдар аралығында Қазақстан ормандарын сақтау және өсімдік қорын молайту жобасы жүрді. Дүниежүзілік Даму банк қолдауы есебінен 57 мың га сексеуіл егілген. 2017 жылы орман шаруашылығы мекемелерімен 10700 га сексеуіл екпелері егілді, оның 5 мың га Арал теңіз ұлтанына егілді.
Сексеуілді сатқандар 200 ден 300 айлық есептік көрсеткіш шамасында айыппұл салынып, 75 тәуліктік әкімшілік қамаққа алынады. Сонда да аймақтағы 2,7 млн гектар сексеуіл алқабын қорғаушы орманшыларға тыныштық жоқ. Өйткені айналаны ашкөздене торуылдап, түн жортып, балтасын ағашқа кезенетіндерге тоқтам болмай тұр.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Қанат Еңсебаев, Руслан Айтмамбетов

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM