Заңсыз казиноның мүліктері толығымен жойылды.
Сотта айыпты кінәсін бірден мойындаған. Тергеу органы күдіктінің жасыл түсті матамен ойын үстелін, ойын таймері мен әр түрлі номиналдағы фишкаларды сатып алғанын анықтаған. Жасырын казино шамамен бір жыл бойы жұмыс атқарып, оның ұйымдастырушысы көп-көрім пайдаға кенеліп отырған.
Сот үкімімен күдікті қылмысы үшін кінәлі деп танылып, оған 1 млн 345 мың теңге көлемінде айыппұл (500 АЕК) салынды. Заңсыз казиноның мүліктері толығымен жойылды.