Ғаламтор желісінде «Атасымен ойнас болған келін» деген атаумен таралып кеткен видео қызу талқылануда деп хабарлайды NUR.KZ.
Желіде өзінің туған келінімен ойнас болды делінген видео таралып кетіп, ол желі қолданушыларының ашуын тудырды.
Видеодан егде жастағы ер адам мен орта жастағы келіншекті туыстары ұстап алғанын көруге болады. Видеодағы ашулы әйел адамның сөзіне сенсек, ол өзінің күйеуіне көзіне шөп салмауды бұрыннан сұраған екен.
Ал видеоны түсіріп алғандардың айтуынша, олар көңілдестерді осылай жазаламақ болған. Олар мұны желіге салу мақсатымен түсіріп тұрғанын айтты. Дегенмен, видео атауында жазылғандай олар атасы мен келіні болмауы да мүмкін.
Ол туралы нақты ақпарат жоқ, сондай-ақ оқиғаның қай жерде және қашан орын алғаны да белгісіз.
KAZAKBOL.COM