Хиджабтағы әйел. Көрнекі фото: centralasian.org
Мәскеудің оңтүстік-шығысындағы полиция бөлімшесіне өзбекстандық Лутфилло есімді мигрант әйеліне қарсы шағымданған. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ жазады деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Арызда көрсетілгендей, ер азамат әйелінің «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен байланыста екенін, өзін де топқа қосылып, метроға жарылыс жаса деп үгіттеп жатқанын жазған.
Лутфилло мен оның әйелі Өзбекстаннан келген. Екі баласы бар. Полиция Лутфиллоны Ресейге заңсыз кіргені үшін ұстап, бірақ айыппұл төлетіп, босатқан.
KAZAKBOL.COM