Site icon KAZAKBOL

Өзбек мигранттары Ресейден ақша аудару бойынша алда келеді

Өзбекстан ТМД елдері арасында Ресейден ақша аудару бойынша алда келеді. Бұл жөнінде РФ Орталық банк мәліметінде айтылады.

Ресми мәлімет бойынша, 2018 жылдың соңғы үш тоқсанында Ресейден өзге елдерге 9 млрд 800 млн доллар ақша аударылған. Оның 3 млрд 50 млн-ы Өзбекстанға жіберілген.

Тәжікстанға 1 млрд 900 млн доллар жіберілсе, Қырғызстанға 1 млрд 700 млн доллар және Қазақстанға 500 млн доллар аударылған.

Өзбекстанның Орталық банкі 2018 жылдың алғашқы жарты жылдығында Өзбекстанға шетелден 2 млрд 300 млн доллар аударылғанын, олардың көп бөлігі Ресейден, қалғаны Түркия, Қазақстан, АҚШ және Оңтүстік Кореядан салынғанын мәлімдеген.

centralasian.org

Exit mobile version