Өзбекстанның «Өзбекконцерт» мемлекеттік мекемесі 2018 жылдың 13 қарашасынан бастап әнші Шахло Ахмедоваға концерт беріп, ән айтуына тыйым салды.
«Әнші Ш. Ахмедованың «Жазғы жаңбыр» әніндегі видеоклипінде жігіт пен қыздың қарым-қатынасы ашық бейнеленген. Бұл ұлттық менталитетке қайшы»,- деп түсінік береді «Өзбекконцерт» баспасөз қызметі.
Мемлекеттік мекеме әншіге бірнеше рет ескерту жасалғанын, бірақ соған қарамастан оның клипі әлеуметтік желілерде таралып жатқанын айтады.
Шахло Ахмедованың «Жазғы жаңбыр» әніне түсірілген бейне клипі бірде-бір рет өзбек телеарналарынан көрсетілген емес. Клип YouTube порталына 8 қарашада жарияланған. Содан бері клипті 185 мың адам көрген.
24 жастағы әнші Шахло Ахмедова Өзбекстанның Сұрхандария облысында дүние келген. 2013 жылы әнші Zo‘r-zo‘r Star тележобасында екінші орын алған. Өзбекстанда өнер адамдары тек арнайы лицензиямен ғана шығармашылықпен айналыса алады.
KAZAKBOL.COM