Өзбекстан жаңа «Сурхон – Пули – Хумри» электр тарату желісін сала бастады. Ауғанстан аумағындағы құрылыс биыл маусымда басталады. Бұл туралы 25 наурызда «Өзбекэнергоның» басқарма төрағасы Ұлықбек Мұстафоев Ауғанстан жөніндегі халықаралық конференцияда жергілікті ақпарат құралдарына хабарлаған.
Оның айтуынша, 260 шақырымға созылатын жаңа электр тарату желісі іске қосылған соң, Өзбекстаннан Ауғанстанстанға электр қуатын тасымалдау 70 пайызға артады. Жоба құны — $150 млн, соның 32 млн долларын өзбек тарапы бөледі.
Өзбекстан жаңа желі арқылы Пәкістанға, яғни жаңа нарыққа шығуға болады деп болжайды.
«Біздің есептеуіміз бойынша, жоба 15 жылда өзін ақтап шығады, ол үш жылда жүзеге асырылады. Ауғанстандағы құрылысты биыл маусым айында бастаймыз. Өзбекстан аумағында құрылыс-монтаж жұмыстары басталып кетті», — деді Мұстафоев.
«Сурхон – Пули – Хумри» электр тарату желісін салу туралы келісім 2017 жылы желтоқсанда Ауғанстан президенті Ашраф Ганидің Өзбекстанға сапары барысында қабылданған.
KAZAKBOL.COM