Өзбекстанның Сұрхандария облысы Термез қаласы орталық ауруханасының дәрігерлері сексуалдық зорлыққа тап болған әйелдің жыныс мүшесіне операция жасау сәтін науқастың рұқсатынсыз видеоға түсіріп, интернетке жариялап жіберген.
«Озодлик» радиосы редакциясына жолданған ұзақтығы 1 минөт 10 секунд болатын видеода әйелдің гинекологиялық орындықта жатқанын көруге болады. Дәрігерлер әйелдің жыныс мүшесінде тұрып қалған сәбізді алып жатыр. Операция кезінде дәрігерлер өзара орыс және өзбек тілдерінде сөйлесіп жатыр.
Видеоны қараған сәтте медициналық қызметкерлердің операция сәтін видеоға түсіріп жатқанын білген. Тіптен ер дәрігер видео авторына жақындатып түсір деп сұрап жатқанын көруге болады. Видеожазба әйел дәрігердің орыс тілінде «Сұрхандария облысындағы жаңа мүшеқап, қынаптағы сәбіз» деген сөздерімен, әріқарай дәрігерлердің күлкісімен аяқталады.
Операция жасаған екі дәрігердің сөздерінен әйелдің маскүнем күйеуінен зорлық көргенін, ол зорлықпен әйелінің жыныс мүшесіне сәбіз тығып жібергенін түсінуге болады.
Сұрхандария өңіріндегі дәрігерлердің бірі бұл видеоның биыл қаңтар айында түсірілгенін айтты.
«Маған да бұл видеоны көрсетті. Мен операция үстінде науқасқа күліп жатқан дәрігердің кім екенін де білемін. Ол – Людмила Климова. Термез қаласы орталық ауруханасында гинекологиялық бөлімнің бас дәрігері. Ауруханаға әйелді жедел жәрдем жеткізді. Бірақ дәрігерлер қорғансыз әйелді мазақтап, мәз болып жатыр. Мұндай жағдайға кез келген әйел түсуі мүмкін. Дәрігерлер дәрігерлік құпияны бұзып ғана қойған жоқ, адамның абыройын таптады. Бұл іске қатысты тергеу жүргізіледі ме, ол жағын білмеймін», – деді дәрігер.
Людмила Климованың өзі аталған видеоны өзі операция жасаған сәтте түсірілгенін теріске шығармады. «Мен бұл видеоны түсірмедім. Оны кім түсіргені есімде жоқ», – деді ол.
KAZAKBOL.COM