Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

ЖҮЛДЕ ҮШІН ЖАЛАҢАШТАНДЫ

KAZAKBOL.COM

Арнайы жүлде үшін арыңнан аттап өт! Еліміздің рухани астанасы саналатын Семейдегі  түнгі клубтардың бірінде осындай ұранды ортаға тастаған шоуменнің айтқанына еріп, тір жалаңаш шешінген жастардың видеосы әлеуметтік желіде таралды. Таралып қана қоймай, қоғамның талқысына түсті. Бұл Ертіс бойындағы жастардың Абайдың 175 жылдығы қарсаңында жасаған ерекше флешмобы ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл жынойнақтың Семейде өткенін жергілікті тұрғындар бірден анықтады. Көпшілікке жақсы таныс түнгі клубтардың бірі. Содан не керек, бас жүлде үшін көпшілік алдында шешіну жарысы жеңімпазды анықтап бірақ тынғанға ұқсайды.

Қоғам белсендісі Қарлығаш Бекпатшақызы бұл жастардың түрін көпшілікке көрсету керек, дейді.

ҚАРЛЫҒАШ БЕКПАТШАҚЫЗЫ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ
«Айналдырған азғантай қазақ өзінің баласын таниды деп ойлаймын ананы көрген адам. Иә болмаса сенің балаң мына жерде сенің балаң жүр десе көреді ата-анасы.  Сол кезде қандай күйде болды екен ата-аналары. Үмітпен үкілеп өсірген балапаны арсыз болып жүргені. Қазақ айтады «қызым үйде, қылығы түзде» дейді. Көрдіңіз бе?!».

Қылығы түзде деген қыздарыңыздың бірі міне. Түнгі клубта жігіттің алдына тұрып алып бар білгенін көрсетіп жатыр. Мұндай үрдістің белең алуына не себеп болуы мүмкін?

«Олар болашақта ана болады. Ана болғасын мектепке барады ата-ана ғой. Ертең ұят болады, сол себепті ұят нәрсе. Мен білмеймін оларға қандай шектеу қоюға болатынын.  Бәлкім тәрбие жетіспеді ме?».

«Қазір отбасында балаларға көп еркіндік беріледі. Олар интернеттен соңын бәрін көреді де еліктейді.

Ал бұл осыдан бірер жыл бұрын алматылық супермаркеттің өткізген «Кел де ала ғой» деген акциясы. Тұрғындарды тамақ үшін шешіндірген сауда орны кейін артық кетіппіз деп кешірім де сұраған болатын.

Ал бұл сол Алатау бөктерінде әлеуметтік желіні шулатқан тағы бір жарыс. Марапат үшін барын салған арулар анадан жаңа туғандай жалаңаштанып еді. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» дегеннің керісі.

ҚАРЛЫҒАШ БЕКПАТШАҚЫЗЫ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ
«Онсыз да тіліміз шұбарланды, дініміз шұбарланды. Шұбар күйіміз. Енді келіп арсыз жүниеге араласқаннан кейін тіптен ұят нәрсе болып тұр. Сондықтан мен сіздерден өтінемін, жігітсіздер. Жігіттер естерін жинап ие болу керек. Әйел ерге, ер жерге қарайды дейді. Жерге қарамаңыздар, қыздарға ие болыңыздар!».

Жігіттерге ие болыңыздар дейді. Дұрыс-ақ. Бірақ, сол азаматтар тыйғанның орнына мәз-мейрам болып видеоға түсіріп жүр емес пе? Айтпақшы, бір айдан кейін жастар жылын қорытындылаймыз. Семейлік «белсенді» ұл-қыздардың шешінгені биылғы жылдың бір жарқын сәті ретінде еске қалатын болды.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM