Фото: Facebook
Сауд Арабиясында анасы сәбиін селфиге бола таулы жартастың шетіне жатқызып қойған деп хабарлайды 24.kz.
Facebook желісін аз уақыт ішінде шарлаған суретте туғанына жыл тола қоймаған сәби жартастың шетінде жаялық үстінде жатыр. Ал ол жатқан жердің арғы жағы шыңырау шатқал.
Тек құмырсқадай болып көрінген көліктер ғана төменде тізіліп кетіп барады. Ғаламтордағы сурет сипаттамасына сәйкес, селфи Эт-Тайф қаласында жасалған. «Фейсбуктегі» қалың жұрт бұл суретті қатаң сынға алғаннан кейін «селфишіл» әйел өз парақшасын өшіріп тастапты.
KAZAKBOL.COM