Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Жаңаөзенде «Мұнайфилдсервис» компаниясына мердігер мекеме мұнайшылары ереуілдетіп тұр

KAZAKBOL.COM

Жаңаөзенде «МұнайФилдСервис» мекемесіне мердігерлік қызмет көрсететін «Мәдиева» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жиырма шақты мұнайшысы жалақы өсіруді талап етіп, сейсенбіден бері ереуілдетіп тұр. Олар өздерін «МұнайФилдСервис» компаниясына штатқа алуды да талап етеді.

Азаттыққа бұл жайлы хабарлаған ереуілшілердің бірі Жеңіс Бопиловтың айтуынша, олар «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы кеңсесі алдына жиналған.

— Біз «МұнайФилдСервис» компаниясында аутсорсингпен жұмыс істейміз. Бұл мәселені бір жылдан бері айтып келеміз. «МұнайФилдСервис», «Мадиева» ЖШС басшылығына хат жолдадық. Әкімдікке де айттық. Ешқандай жауап жоқ. Алатын жалақымыз 80–90 мың теңге. Бізді «Мұнайфилдсервис» штатына алып, солармен бірдей 180–200 мың теңге жалақы төлеуді талап етеміз, — дейді Жеңіс Бопилов Азаттық тілшісіне.

Жеңіс Бопилов — 2011 жылы Жаңаөзен оқиғасы кезінде қамауға алынып, кейін босатылған. Сотта «полициядан зәбір көргендерін» айтқан. Оның айтуынша, штатқа алуды талап етіп тұрғандардың арасында өзімен бірге 2011 жылы сотты болған Әділбек Шамов та бар. Олар өздерін облыс әкімі «кейін штатқа аламыз» деген желеумен аутсорсингке кіргізгенін айтады.

Жаңаөзен қаласы әкімі Мақсат Ибағаров Азаттыққа «Мәдиева» ЖШС серіктестігін еңбек инспекторының тексеріп жатқанын айтты.

— Біз оларға заңдылықтарды түсіндірдік. Жұмыс жасалып жатыр, — деді ол.

«Мәдиева» жұмысшылары 20 сәуірде Жаңаөзен қаласы әкімдігі алдына жиналып, Қазақстан президенті Тоқаевқа үндеу жариялаған. Онда президенттен көмек сұрап, 2020 жылдың аяғында өз қол қойған еңбек кодексіндегі 103-баптағы өзгерісті іске асыруға көмек сұраған.

Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек кодексіне енетін түзетулерді мақұлдап, соған сәйкес аутсорсинг компания қызметкерлері өздерін жалдайтын кәсіпорын қызметкерлерімен тең жалақы алуы тиіс болған. Бірақ жаңаөзендік наразы мұнайшылар кодекс ережелерін орындалмай тұр дейді.

Дәл осындай талаппен үш күннен бері «Бұрғылау» компаниясына мердігерлік қызмет көрсететін «Фиркрофт» мекемесі де ереуілдеп тұр. 21 сәуірде оларды «Бұрғылау» мұнайшылары қолдап бір сағатқа жұмысты да тоқтатқан.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM