Жаңаөзенде бір айдан бері тұрақты жұмыс талап етіп, әкімдік алдында акция өткізіп жатқан тұрғындар аштық жариялады.
Төмендегі видеода тұрғындардың бірі аштық жариялауға талаптарының орындалмауы себеп болғанын айтады.
Жаңаөзеннің жұмыссыз қалған тұрғындары 1 сәуірден бері әкімдік алдына жиналып, тұрақты жұмыс табуға көмектесуді талап етіп келеді. Жергілікті билік аймақта бос жұмыс орындары жоқ екенін айтқан.
20 сәуірде акцияға шыққан тұрғындар ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, әкімдік алдына түнеген.
Өткен аптада Жаңаөзен тұрғындары қаладағы «Өзнемұнайгаз» кеңсесінің алдында да үндеу жасап, бірнеше талап айтқан. Ол талаптардың арасында тұрақты және айлығы бар компанияға орналастыру және Жаңаөзендегі мұнайгаз компанияларын тексеру қорытындысын ашық жариялау болған. Арнайы құрылған жұмысшы топ Жаңаөзендегі мұнай компнияларында ондаған заң бұзушылықтар анықталғанын жариялаған.
KAZAKBOL.COM