Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА: ӘКІМДЕРГЕ АЛДАНДЫМ!

KAZAKBOL.COM

Әкімдердің уәдесінен шаршадым! Он екі жыл бұрын пәтер кезегіне тұрған қызылордалық Әйгерім Сәрсенбаева осылай деп, біздің арнамызға жанайқайын жеткізді. «Күміс алқа» иегері пәтер кезегі қанша жақындағанымен, баспаналы болу арманы сонша алыстап бара жатқанын айтып отыр. «Көпбалалы отбасы»санатында үй кезегінде тұрған 6 баланың анасына облыс пен қала әкімі «желтоқсанда баспаналы боласыз» деп кезекті уәдесін үйіп-төгіпті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Тұрып жатқан үйіміздің сыйқы мынау! Құлауға шақ қана тұр. Қорқамыз».

Әйгерім Сәрсенбаева 4 жылдан бері жанын шүбірекке түйіп жүр. Әбден тозығы жеткен екі бөлмені 6 баласы және анасымен бірге жалдап тұрады. Айына 15 мыңға. Пәтер кезегінде тұрған көпбалалы ана 13 жылдан бері бір баспанаға қолы жетпегеніне налиды. Былтыр желтоқсанында облыс пен қала әкімі халықпен жүздескенде «Күміс алқа» иегері оларға базынасын жеткізіпті.

ӘЙГЕРІМ СӘРСЕНБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Сол қабылдауға кіргізген кезде маған айтылған еді, Осы Құдай қаласа желтоқсанның 27-не аласың деп пәтерді. Мен 2007 жылдан бері кезекте тұрып келе жатырмын ,үй кезегіне көпбалалы болып. Қазіргі таңда 27-не беріп болды уже, а маған берген жоқ әлі. Кеше барған едім тағы да март айына қалдырып тастады. Оның алдында 2019-да шілде деді, тамыз деді, октябрь деді, декабрь деді. Енді осымен жүрміз ғой әлі».

Табыс көзі жоқ отыз жастағы келіншек бала-шағасымен қираудың әсл-ақ алдында тұрған үйде шарасыздықтан тұрып жатқанын айтады. Азаматтық некедегі күйеуі екі жыл бұл Оңтүстік Кореяға табыс табуға кеткен екен. Содан бері хабар-ошар жоқ. Былтыр отбасы пештен уланып, өртеніп кете жаздапты.

ҒАЛИЯ ЖАМАЛОВА, АНАСЫ: «Мынау пешіміз мынау, түтіндеп жанбайды да бықсып. Мынау төбеміз түсейін деп тұр. Вообще аварийный болып тұр. Мына жерде өртеніп балаларым қыстың күні. Мына жақтың барлығы қирап жатыр. Білмеймін енді, не істейтінімізді».

Қала әкімдігіндегілер бұл отбасының жағдайымен таныспыз дейді. Өткен жылдың желтоқсан айында елу пәтерлі екі үй берілгендігін де растады. Тұрғын үй кезектілігінің базасының автоматты жүйеге ауысуына байланысты уақытша бірқатар қиындықтар туындаған көрінеді.

БІРЖАН ДАЛАБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫ, ЖОЛ КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Осы қаңтар айында сол база толық автоматтандырылған режимге көшірлігеннен кейін, осы желтоқсан айындағы үй алған азаматтар автоматты түрде кезектен шығарылады. Енді ол кісі желтоқсан айында 167-ші кезекте болса, осы берліген үйлерді кезектен шығарғанан кейін ол кісінің кезегі 47-ші болып өзгереді».

Маманның сөзінен үққанымыз, Әйгерім Сәрсенбаева жаңа кезекпен пәтер алудан үміттілердің
алғашқыларының біріне айналады екен. Көпбалалы ананың балалары өз баспаналарына кіретін күнді асыға күтіп жүр

КӨРКЕМЖАН СӘРСЕНБАЕВ, ҰЛЫ: «Үлкен ақша тапқым келеді осылай. Анамды, әжемді асырап, аман-есен жүргенін қалаймын. Жаңа үй алғанымызды қалаймын. Мынаның барлығы құлайын деп тұр. Осылай отбасымды асырағым келеді».

Балалардың бар арманы тек баспаналы болу. Әкімдіктегілер көпбалалы аналарға берілуге тиіс кезекті үй салынып жатқанын айтады.Бір-екі айдың көлемінде халық игілігіне берілмек. Жылдар бойы үй алушылар тізімінен түсіп қалатын Әйгерім Сәрсенбаева бұл жолы да солай болмаса екен деп қорқып отыр.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM