Қазақстанда жанармай жетіспеушілігін алдын алу үшін аймақтарда мұнай базалары тексерілмек. Бұл туралы елдің энергетика министрлігі хабарлады.
«Ел бойынша дизель майының жалпы қоры 308,56 тоннаны құрайды. Бұл 2023 жылдың 1 қаңтарындағы қордан 59 мың тоннаға көп. Сонымен бірге аймақтардағы бірқатар май құю станцияларында дизель майын сатуға шектеулер болып жатыр», — деп жазылған мәлімдемеде.
3 сәуірде энергетика министрлігі бензиннің жоғарғы бағасын 11%, дизель майын 20% көтеруге шешім қабылдаған. Бұл шешім мұнай жетіспеушілігінің алдын алуымен түсіндірген. Мекеме мұны көрші елдерге көлеңкелі жолмен экспорттау салдары деп атады.
4 сәуірде энергетика министрлігі «газ бағасының төмен болуы оны бейберекет жұмсауға алып келетінін» жеткізіп, Алматыда және бірнеше аймақтарда автогазды қымбаттату жоспарын жариялаған.
KAZAKBOL.COM