Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жапаров пен Ердоған қарашада Стамбулда кездеседі

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан президенті Түркітілдес мемлекеттер әріптестігі кеңесінің қараша айында Стамбулда өтетін саммитіне қатысады.

Сапар аясында ол түрік әріптесі Режеп Ердоғанмен кездесуді жоспарлаға. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жапаров 29 қазанда Түркияның тауар биржасы мен палаталар одағының президенті Мұстафа Рифат Хисаржыклыоғлыны қабылдады. Олар сауда-экономикалық әріптестік пен маңызды жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Жүздесу кезінде Қырғызстан президенті түрік әріптесі Ердоғанмен кездесу жоспары туралы хабарлады.

Садыр Жапаров 2021 жылғы маусым айында ресми сапармен Түркияда болып, Режеп Ердоғанмен кездескен.

Президент қызметіне кіріскелі бері Садыр Жапаров Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және Түркіменстанда да болды. 23 қазандағы баспасөз конференциясында ол эпидемиологиялық жағдай тұрақталған соң Қытайға сапарлайтынын айтты. Сонымен бірге қырғыз президенті араб елдері мен Еуропаға баруды жоспарлаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM