Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жапаров: Қырғызстан мен Тәжікстан шекара мәселесін шешу жолын табады

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан басшысымен кездескен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров көрші елдер шекара мәселесін шешу жолын табады деп мәлімдеді. Бұл туралы Қырғызстан басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Жапаровтың айтуынша, 28–30 сәуірдегі қайғылы оқиғалар екі ел үшін «аса қайғылы ақтаңдақ күндер ретінде тарихта қалды».

«Көрші елдер мұндай қарулы қақтығыстың қайталануына жол бермеуі тиіс. Қырғызстан мен Тәжікстан халықтары ежелден бауырлас, көршілес қырғыздар мен тәжіктер әрдайым достығын үзбеген», — деді ол.

Қырғызстан президенті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон әзірге екі елдің шекарадағы жанжалына қатысты пікір айтпаған. Тәжікстан Садыр Жапаровтың ресми сапарына ерекше мән береді деген Рахмон.

«Озоди» радиосы да Эмомали Рахмонның шекарадағы жанжал туралы ештеңе айтпағанын жазды.

Көрші елдердің президенттері оңаша кездесу өткізеді, одан соң үлкен форматтағы келіссөздер басталады. «Озоди» дереккөзінің хабарлауынша, келіссөздер нәтижесінде төрт құжат қабылданады. Нақты қандай құжаттар екені әзірге белгісіз.

Құжаттарға қол қою рәсімінен соң Эмомали Рахмон мен Садыр Жапаров бірге брифинг өткізеді.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында 28-30 сәуірде қарулы қақтығыс болып, ондаған адам қаза тапты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM