Алматы облысында жылу бағасына қатысты дау шықты. Жаркентте «Жұмыспен қамту» бағдарламасымен пәтер алған тұрғындар тарифтің қымбаттығына наразы. Жұрт айына 1 бөлмелі үй 15 мың теңге төлесе, 2 бөлмелге 25 мың, ал, 3 бөлмелі алғандар 35 мың теңгеден төлеп отыр. Мұндай баға еліміздің ешбір қаласында жоқ шығар, — деп арнамызға мұңын шақты. Тіпті, кейбірінің пәтері жылынбайтындықтан, электр жылытқышын қосып отыр. Сөйтіп, тоққа да, жылуға да ақша төлеуге мәжбүр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
ҒАЛИЯ БАЙТІЛЕСОВА ЖАРКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Төлемесеңіздер сотқа береміз деп қорқытты. Сөйтіп айтты. Сонан кейін төлеп тастадым 2 айдікін. Енді 3-айдікін 19 000тг деп шығарып беріпті қағазын. 19 мыңды қайдан табам мен? Үйім тастай ғой. Мына обогреватель түнімен қосылып тұрады.
Бұл үйлердің тұрғындары үшін жылу мәселесі бас ауруына айналған. Шығынды азайтамыз деп, әр пәтер 40 мың теңгеден қаржы жинап, пешті де ауыстырыпты. Өткен қыста жұмысшы жалдап, от жаққанда айына 5-10 мың теңгеден төлегендерін айтады. Ал, енді осы маусымда қазандықты «Панфиловсуқұбыры» мекемесінің балансына өткізіп беріп, қымбатшылыққа ұрынып отыр.
ӘСЕЛ ДОСАЛИЕВА ЖАРКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Горводоканал ай енді бізге ай сайын 1 бөлмелігерге 15 000тг, 2 бөлмелілерге 28 000тг, 3 бөлмелілерге 35 000 теңге әкеліп, квитанция таратып жатыр.
Бұл тұрғын үйлерде көбіне әлеуметтік аз қамтылған отбасылар тұрады. Осыдан 7 жыл бұрын болашағы жоқ елді-мекендерден көшіп келген. Баспана жекешелендіру құқығынсыз берілгендіктен, ай сайын арендалық құнын өтеуге міндетті. Бұның сыртында коммуналдық қызмет төлемдері бар. Тапқан табысымыз ішіп-жеуіміз бен жүріс-тұрысымыздан артылмайды. Жылуға төлей алмай, қарызға белшемізден баттық, — дейді тұрғындар.
МАҚПАЛ ҚҰСБЕКОВА ЖАРКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Күйеуім ай сайын 60 000тг табады. Мен енді ай сайын 30 000тг құйсам, баламның тамағы қалады. Сабағы қалады. Ары-бері баратын жолым бар мысалы. Жетпейді. Қымбат бұл тариф бізге ше.
Ал, әкімдіктегілер шығын көлемі 8 млн 800 мың теңге шамасында екенін алға тартты. Әрі бұл тарифті өздері емес, арнайы мекеме бекітіп беріпті.
АРМАН ТАЗАБЕКОВ ПАНФИЛОВ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Бізде антимонпольный комитетпен келісілген тариф. Ол жерде 4 адамның зарплаты, 198 тонна көмірдің ақшасы. Электр энергиясы. Бұл жерде насоспен су алады и жаңағы налогтар.
Салаға жауаптылар жылу бағасын төмендетуді қарастырамыз, — деп сендірді. Яғни, көмірге субсидия алу арқылы арзандатпақшы. Алайда, бұл мәселенің биылғы маусымда шешілуі екіталай.
KAZAKBOL.COM