Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

ЖАРТЫ ЖЫЛ ІШІНДЕ 800 ҚЫЗ-КЕЛІНШЕК ЗОРЛАНҒАН

KAZAKBOL.COM

Елімізде әр бес жарым сағат сайын бір әйел зорланады, ал әр тәулік сайын бір бала зорлыққа ұшырайды. Ал, осы жылдың алғашқы жарты жылдығында 800-ге жуық қыз-келіншек зорланған. Ең өкініштісі зәбір көргендер сол күні шағым жазбай, араға уақыт өткізіп алады екен. Сол себепті де абыройларының тапталғанын дәлелдей алмай жүреді дейді мамандар. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. «Сол кезде мені көлікке шақырып алып, істегенін істеп, содан соң үйге апаарып тастады».

Елімізде зорлықтың құрбаны болған қыз-келіншектер қарасы күн санап көбейіп келеді. Алайда, олардың көбі абыройының тапталғанын айтып, уақытысында шағымданбайды екен. Ұялады, жұрт не дейді деген сөзден қорқады. Солардың бірі — Мөлдір. Оны 18 жасында сыныптасы күштеп зорлап тастатапты. Жүрегінде шемен болған оқиға жайлы бойжеткен тек 13 жылдан кейін ғана айтұан. Тіпті, оның өмірінде мұндай оқиға екінші рет бола жаздаған…

МӨЛДІР, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Екінші рет, менің жасым жиырма бесте болатын, ол кезде зорлық болған жоқ. Мен ол кезде келісім-шартпен әскер қатарында болғанмын. Сол бастықтарымның бірі.. Бірақ әрекеттенді. Ол шешіндіруге, өзінің жыныс мүшесін ұстатуға неше түрлі қысымдар көрсетіп, жоқ қаламаймын, жіберіңіз деген сияқты сөздерді естіген де жоқ. Құлағына да асқан жоқ. Одан кейін мен арыз жазғанмын. Бірақ, жұмыста көрсеткен қысымнан кейін арызымды қайтарып алып, жұмыстан шығып кеттім».

Заңгерлер мұндай жағдайға тап болған қыз-келіншектерге бірден құзырлы органдарға шағымдануға кеңес береді. Өйткені, араға айлар, тіпті жылдар өткізіп жазған арыздан шығатын нәтиже шамалы дейді. Істі тергеу, дәлелдеу қиынға соғып, кінәлі жазасыз қалуы әбден мүмкін.

АБЗАЛ БЕКОСЫНОВ, ЗАҢГЕР: «Өзіне қатысты қылмыстың болғанын дәлелдеу қиын. Дәл уақытысында арызданса ол арызы қабылданып жаңа айтып кеткендей сот- медициналық сараптама, сонымен қатар биологиялық сараптамалар тағайындалып, өз дәлелін табуға және қылмысты сотқа жолдауға үлкен мүмкіндік береді.

Бас прокуратура келтірген деректер де жаға ұстатады. Былтыр әйелдерге қатысты — 1332, кәмелет жасына толмаған балаларға қатысты 231 құқық бұзушылық тіркелген. Бұл арыздардың тек 454-і ғана сотқа жіберілген. Биылғы алғашқы жартыжылдықтағы статистика да көңіл көншітпейді.

ӘЙЕЛДЕР МЕН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ТІРКЕЛГЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАР 2018 жылы Әйелдерге қатысты — 1332

Кәмелетке толмаған балаларға қатысты 231 2019 жылдың 6 айында Әйелдерге қатысты — 797, Кәмелетке толмағандарға қатысты -179 Ал психологтардың айтуынша, зәбір көрген қыздар мамандарға өз еркілерімен емес, ата-аналары мен туыстарының айтуымен келеді екен.

СЕРІККҮЛ САЛИ, ПСИХОЛОГ: «Көп ортада біздің жастарда жыныстық сауаттылық жоқтың кесірінен осындай нәрсенің болып жатқанын байқадым. Сондықтан жыныстық сауаттылық деген арнайы білімді, жан-жақты білетін кісілердің ұйымдасып істейтін нәрсесі. Біздің жастарымыз жыныстық тұрғыда сауатсыз. Соның да нәтижелерінің бірі осы. Ұлдардың өзінің, қыздардың өзінің жыныстық сауатсыздығынан. Соның да көлеңкесі түсіп отыр».

Жалпы, мұндай тенденция тек елімізге ғана тән емес екен. Деректерге сүйенсек, әлем бойынша зорланған қыз-келіншектердің арызының 35 пайызы ғана полицияда тіркеледі екен. Себебі, зәбір көргендер түрлі себептермен болған жағдайды жасыратын көрінеді. Яғни, олардың нақты санын есептеу өте қиын. Сондықтан, Қазақстанда да тағдыры талқан болып, іштей өксіп жүрген қанша қыз-келіншектің барын дөп басып айту қиын дейді мамандар.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM