Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Жасанды төлқұжаттар жасайтын желіні Түркияда тұратын өзбек азаматы басқарады – The Guardian

KAZAKBOL.COM

Ресми визалар жапсырылған жасанды төлқұжаттарды дайындау бизнесі «Ислам мамлекеті» (ИМ) террористік тобына байланысы бар адамдардың Сириядан Ұлыбританияға, Канадаға, АҚШ-қа және Еуропа одағына мүше елдеріне кіруге мүмкіндік береді.

Бұл туралы The Guardian британ басылымының 31 қаңтарда жариялаған зерттеуінде айтылады.

Зерттеу барысында жасанды төлқұжаттарды дайындау желісін Түркиядағы этникалық өзбек басқаратыны анықталған. Басылым мәліметіне қарағанда, ол түрлі өлкелердің жоғарғы сапада дайындаған жасанды төлқұжатын ірі сомаға, атап айтқанда 15 мың долларға дейін сатады. The Guardian Сирия шекарасынан заңсыз өтіп, Стамбұл арқылы кем дегенде он адамның шетелдерге өткенін анықтап шыққан.

The Guardian журналистері байланысқан Түркияда тұратын өзбек ұлтының екі адамы жақында жасанды төлқұжат сату үшін Istanbul Global Consulting телеграм-канал ашқан.

«Мен кімнің қандай топтан екенін сұрамаймын. Олардың жақсы-жаман екенін де анықтамаймын. Мұнымен арнайы қызметтер айналысуы керек. Мен бәрімен жұмыс істей беремін», — деп жазған журналистпен сөйлескен адамның бірі.

Ол тілшіге арнайы белгілері бар және голограммалары түсірілген жаңа француз, белгия, болгар және орыс төлқұжаттары түсірілген видеоны көрсеткен.

Жасанды төлқұжат сатушының айтуынша, төлқұжаттағы биометрикалық чипті әзірлеу мүмкін емес, бірақ шекара бекетінде төлқұжат тексеретін қызметкерлер чиптерге көңіл бөлместен, адамдарды өткізіп жібереді.

Басылым мәліметіне қарағанда, Еуропаға баруға мүмкіндік беретін ең арзан төлқұжаттың қатарында Ресей, Қырғызстан және Қазақстан төлқұжаты кіреді. Олар 5 мың доллардан сатылады. Егер бұған шенген визасы қосылса, бағасы 6 мың доллар болады.

Бұдан кейін қымбатырақ бағада украин және молдова төлқұжаттары сатылады. Бұл төлқұжаттар арқылы Еуропа одағы елдеріне визасыз кіре алады. Ең қымбат төлқұжаттар Еуропа одағына мүше елдердің төлқұжаттары.

2015 жылы Батыс елдерінің арнайы қызметтері ИМ тобының содырларында Сирия мен Ирактың жасанды төлқұжаттары бар екенін ескерткен.

ИМ Еуропадағы бірнеше терактіні, оның ішінде 2015 жылы қарашада Париждегі «Батаклан» театрында және 2017 жылы Манчестер аренасындағы жарылыстарды мойнына алған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM