Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Жазира Байырбекова күйеуінен таяқ жеген кездерін жасырмай айтып берді

KAZAKBOL.COM

Кадр 31-арнадан алынды

Танымал әнші Жазира Байырбекова өзінің күйеуі Жанболаттан таяқ жегенін жасырмай айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол бұл туралы 31-арнаның «Ұят емес» бағдарламасында айтып берді.

Бағдарламада желі қолданушыларынан келген бірнеше сұрақ қойылды. Соның бірі күйеуінен таяқ жегені-жемегені туралы сұрақ болды.

Бұл сұраққа Жазира еш тосылмастан: «Иә, таяқ жедім, бірақ көп емес», — деп өзінің Жанболаттан таяқ жегенін жасырмады.

«Сонда сіз таяққа лайық болдыңыз ба?», — деген бағдарлама жүргізушісінің сұрағына да қымсынбастан өзінің кінәсінен екенін мойындады.

«Қарсы сөйлеймін деп таяқ жедім, тілімнен таптым. Қазір ажырасулар өте көп. Бір ұрғаны үшін құрбысына айтып, ол оған кеңес беріп, бір ұрған еркек ұра береді деп ажырасып жататындар өте көп. Отбасы болған соң бәрі болады ғой», — деген ол мұндай жайттарды кейінгі буын келіншектерге үлгі болу үшін айтып отырғанын айтады.

«Таяққа көніп жүре беріңдер демеймін», -деген Жазира анда-санда күйеуінің қол көтергеніне отбасын бұзудың қажеті жоқ деп санайды.

Сонымен бірге, ол Жанболаттың да мәңгі сүйіктісі болу-болмауы бір Алланың еншісінде дегенді айтты. Тоқал алуға қарсы болса да, ол бұл өмірде бәрі мүмкін екенін жеткізді.

«Тоқал алуға келіскім келмейді. Қарсымын. Алладан тілейтінім ондай жағдайға жеткізбесе екен», — деді жан сырымен бөліскен әнші.

Оның айтуынша, ондай ой екі ай бойы белгісіз аурумен ауырғаннан кейін келген екен.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM