Түркістан облысында жасөспірім құрдасының басына пышақ сұғып алды. Ауыр дене жарақатын алған 10-сынып оқушысы жансақтау бөлімшесінен бірақ шыққан. Қазір, осы іске қатысты Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары басталып кетті. Күдікті сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Кім кімге әлімжетік жасаған. Өрімдей жасөспірімдердің мұндай әрекетке баруларына не себеп болған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Сұмдық оқиға Жетісай қаласында болған. Дінмұхамбет Қонаев атындағы мектеп-лицейдің 10- сынып оқушысы көрші мектепте білім алатын құрдасымен ерегісіп қалыпты. Екеуара кикілжіңді шешпек болған қос жасөспірім сабақтан кейін жолыққан. Кездесу ерегіске, оның соңы төбелеске ұласқан. Сол кезде ашуға қатты берілген оқушының бірі үйінен алып шыққан ас үй пышағын қарсыласының басына сұғып алған.
ЕРМЕК ҚОЖАМҚҰЛОВ, ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
«Кәмелет жасына толмаған азамат үйінен пышақ алып, төбелеске барғанын білген сол кезде, төбелес болатынын, жанжал болатынын. Басқа мектептің оқушысына пышақпен басына ұрған. Қазіргі таңда, ол кәмелеттік жасына толмаған азамат ауруханада ауыр халде жатыр».
Басынан оңбай жарақаттанған 8-ші мектептің 10-сынып оқушысы Жетісай аудандық орталық ауруханасына түскен. Жағдайы өте ауыр болғасын облыстан санавиация шақыртылып, жедел түрде Шымкентке ауыстырылған. Пышақ баланың басына 7 сантиметр кіріп кеткен көрінеді.
Құрдасының басына пышақ сұғып алған жеткіншек бұған дейін де тәртібі қиын оқушылар қатарында болған екен. Ал жаңа оқу жылы қарсаңында ата-анасы оны Дінмұхамбет Қонаев атындағы мектеп- лицейіне ауыстырыпты. Алайда бұзық бала бұл ортаға да сыйысы алмаған. Келмей жатып осылайша ел-жұртты шулатуда…
«Осы күні күдікті ретінде уақытша ұстау абақтысында отырған жасөспірім бұған дейін бір рет мектепті шулатқан екен. Ол білім ұясына өзімен бірге тапанша алып келген көрінеді. Алайда, кәмелеттік жасқа толмағандықтан, жазадан босатылған. Есесіне, оның анасы әкімшілік жауапқа тартылыпты».
Ал, күдіктіні мектеп әкімшілігі жақтап та, даттап та отырған жоқ. Сабақ үлгерімі мен тәртібі орта оқушылардың санатында екне. Әкесі өзге мектепте ұстаз көрінеді. Ал, анасы үй шаруасында. Бір сөзбен айтқанда, толық отбасының мүшесі.
РОЗА МҰСАБЕКОВА, Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ IT МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ ДИРЕКТОРЫ:
«Бұл жерде меніңше мектеп тарапынан барлық баланың тәртібіне қатысты тәрбие жұмыстары жүргізіліп отырды. Жаңағы мектеп инспекторы Салтөреев Азамат та бұл балының тәртібінен хабардар. Ол да өзінің тарапынан құқықбұзушылық жұмыстарын жүргізіп отырды».
Ал, басынан жарақат алып, ауруханада жатқан оқушыны сынып жетекшісі момын әрі тілалғыш шәкірт еді деп отыр. Спортты жанына серік еткен ол мектепішілік жарыстарда топ жарып жүрген екен. Сол күні сабаққа қатысып, үйіне кетіпті.
ГАУһАР АЙТҚАЗИЕВА, ЗАРДАП ШЕККЕН ОҚУШЫНЫҢ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ:
«Жоқ, ол бала өте жуас, көшбасшылыққа ұмтылысы жоқ. Оғаш мінезі болған емес, не айтсаңыз да: «болды апай, деп орындап жүретін.
-Сіз бұл жағдайды ертесіне естіп білдіңіз бе?
-Жоқ, мен бұл жағдайды бес жарымдар шамасында директорымыз звандап, балаңыз ауыр жарақат алды деп айтты, содан естіп білдім».
Болған жайттен хабардар болған аудан әкімдігі енді нақты шараларды қолға аламыз деп отыр. Соттың үкімі шығысымен, бассыздыққа жол берген жандарды жауапқа тартпақшы. Ал, уақытша ұстау абақтысында отырған жасөспірімнің ісі дәлелденсе, заң алдында жауап беруі әбден мүмкін.
KAZAKBOL.COM