Жогорку Кеңештің Бішкек қаласы Ленин аудандық сайлау округі бойынша депутаттыққа таласқан Дамира Ниязәлиеваның сайлау штабын тексеріп жатыр. Мәліметті оның өзі журналистерге растады.
Ақпарат құралдарының бірқатары таратқан видеода шұғыл тексеруді Бішкек қалалық ішкі істер департаментінің тергеушілері жүргізіп жатқаны анық көрініп тұр.
Тергеуші Мақсат Сақындықовтың айтуынша, тексеру қылмыстық іс аясында жүргізіліп жатыр. Полиция өкілі көрсеткен қаулыны Ниязалиеваның өзі оқып шықты. Онда қылмыстық іс интернетте тараған бір аудиотаспаға қатысты қозғалғаны айтылған.
Дүйсенбі күні әлеуметтік желілерде телефон әңгімесінің таспасы жарияланды. Даусы Дамира Ниязәлиеванікіне ұқсас бір әйел Роман есімді насихаттаушысымен сайлаушылардың даусын сатып алу жайын талқылаған.
Ниязәлиеваның өзі «Кактус Медиа» басылымына видеодағы сөздер шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 28 мамырда өткен сайлауға бар болғаны 17 423 адам немесе осы округтегі сайлаушылардың 13,95 пайызы ғана қатысқан. 29 үміткер ішінен Дамира Ниязәлиева 35 пайызбен жеңіске жеткен.
Үшінші орын алған үміткер Эртай Искаков Ниязәлиеваны дауыстарды сатып алды деп айыптады. Ол Ниязәлиеваның жақтастарымыз деген адамдардың ақша санап отқаны туралы видео таратты.
Дамира Ниязәлиева әлеуметтік желілерде тарааған видеороликтерді «бақталастардың арандату әрекеті» деп бағалады.
KAZAKBOL.COM