Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Журналист Жанбота Төлегенді өлтірді деген күдікпен ұсталған адам қылмысын мойындады

KAZAKBOL.COM

Қазақстандық журналист Жанбота Төлегенді өлтірді деген күдікпен ұсталған адам қылмысын мойындады. Бұл туралы белсенді Дина Таңсәрі хабарлады.

Оның айтуынша, 3 шілдеде Кахетияда марқұмның әпкесі Ботакөз Төлеген тергеу амалдарына қатысып, осы істе жәбірленуші деп танылған. Ботакөздің Қазақстаннан алып барған бірқатар дәлелдері қылмыстық іске қосылған.

«Жанботаны оның мүлкін иемдену мақсатында өлтіргенін дәлелдеу үшін Қазақстанның көмегі қажет. Күдікті Габриэл Хохобашвили 2015 жылдан бері онымен қарым-қатынаста болған, бірақ екеуі бірге тұрмаған. Ол үнемі Жанботаға келіп, әркез ақша бопсалаумен болған. Жанбота оған сенген, ал күдікті соны пайдаланған» деп жазды Таңсәрі.

Белсендінің айтуынша, күдікті Жанботаны жылжымайтын мүлкін сатуға, барлық ақшасын басқа валютаға айырбастауға көндірген.

«Жанботаның әпкесі үй сатылғанын дәлелдейтін құжаттардың бәрін жинап, ақша айырбастау пунктін де тапқан. 18 мамырда үй сатылған, ал 20 мамырда олар Тбилисиде болған, 21 мамырда ол Жанботаны өлтіріп, денесін Кахетиядағы өзенге лақтырған, 22 мамырда машина сатып алып, ешқашан көмектеспеген балаларына үш мәрте барған» деп мәлімдеді Таңсәрі.

24 мамырда Грузия ішкі істер министрлігінің сайтында Кахетия полициясы қасақана кісі өлтірді деген күдікпен Г. Х. есімді азаматты ұстағаны туралы мәлімет жарияланды. Дина Таңсәрінің жазуынша, күдікті жасаған қылмысын мойындаған, бірақ оның ақшасын иемдену үшін өлтірді дегенді жоққа шығарған.

Күдікті сатып алған автокөлік бұғатталды. Қылмыс дәлелденген жағдайда ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айрлады дейді белсенді.

Күдікті жағы осы іске қатысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Маусым айында қазақстандық журналист Жанбота Төлеген Грузиядағы Телави қаласында өлтіріп кеткені мәлім болды. Грузия ІІМ-нің мәлімдеуінше, тергеу барысында күдікті Сагареджо елдімекеніндегі жанжал барысында шетел азаматы әрі танысы Ж. Т. есімді азаматты (1969 жылы туған) ауыр затпен ұрып өлтірген. Марқұмның аты-жөнінің бас әріптері мен туған жылы грузин полициясы таратқан мәліметпен сәйкес келеді.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM