Қырғызстандық журналист Арзыгүл Галымбетованың өліміне байланысты Youtube каналдағы «Бетпе-бет» бағдарламасының авторы Батмакан Жолболдуева бір айға қамауға алынды. Осылай деп Баткен облысы ішкі істер басқармасы хабарлады.
26 наурызға қараған түні 37 жастағы АКИпресс басылымының тілшісі Арзыгүл Галымбетова кенеттен қайтыс болды. Туыстарының айтуынша, сол күні оның денсаулығы нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Журналист ауруханада көз жұмды.
Жергілікті милиция қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын, күдікті ретінде блогер ұсталғанын хабарлаған.
Галымбетова еңбек жолын 2007 жылы «Эхо Манас» каналынан бастап, «КТР-Обо» газетінде істеген. Соңғы жылдары Баткен облыстық телеканалда және Akipress сайтында еңбектеніп келген.
KAZAKBOL.COM