Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан Қырғызстанмен шекарадағы көлік кептелісінің себебін айтты

KAZAKBOL.COM

Қазақ-қырғыз шекарасында бензин тасушылардың салдарынан кептеліс көбейді деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы шекара қызметі.

«Азаматтардың дені жанармай тасымалдау үшін жеке көліктерін қолданып келеді, бұл қауіпсіздік ережелеріне сәйкес емес, мұның салдары қайғылы оқиғаға алып келуі мүмкін», — делінген мекеме таратқан ақпаратта.

Соңғы бір жарым жылда Қырғызстанда бензин бағасы екі есеге қымбаттаған. Былтыр қаңтар айында АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 35 сом болса, қазір 60 (0,7 доллар) сомнан сатылып жатыр.

Ал Алматыда АИ-92 маркалы бензин бағасы 32 сом тұрады.

Қазір Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында көлік кептелісі бірнеше шақырымды алып жатыр. Соңғы уақытта шекарадағы кептеліс дауы Дүниежүзілік сауда ұйымына дейін жетті.

Биыл сәуір айында Нұр-Сұлтан мен Бішкек жүк тасымалдаушылардың қолында электронды счет-фактура болған жағдайда, заттарын тексермей өткізу жөнінде келісімге келген. Алайда мамыр айында Қазақстан тарабы аталған келісімді пайдаланып, қырғыз кәсіпкерлері контрабандалық жүктерді өткізуді көбейтті деп мәлімдеген.

Мамыр айының соңында Қазақстан президентінің Бішкекке барған сапары кезінде шекарада кептелісті болғызбау жөнінде келісімге келген. Бірақ соңғы уақытта шекарадағы жағдай өзгермегені жиі айтылады.

Маусым айының басында Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстанды Қырғызстанмен шекарадағы кедергілерді реттеуге шақырған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM