Алматы 2023 жыл 22 маусым. Алматыда «Italian Beauty Days» ауқымды шарасының ашылуы өтті. Бұл іс-шараны Қазақстан Республикасындағы Италия Елшілігінің Сауда алмасуды дамыту бөлімі (СДБ) мен Cosmetica Italia косметикалық компанияларының ұлттық қауымдастығы италиялық парфюмерия және косметика саласының жетекші өндірушілерінің қатысуымен ұйымдастырды. Бұл Қазақстандағы заманауи сұлулық индустриясының алғашқы іс-шарасы болып отыр. Аталмыш іс-шараға италиялық парфюмерия мен косметика өндірушілері ғана қатысады. Қазіргі таңда бұл италиялық компаниялардың өнімдері ғана ұсынылған Орталық Азиядағы жалғыз өнім. Қабылдау үйіндегі шараға Италияның 22 ірі өндірушісі қатысуда. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның 300-ден астам косметика саласының мамандары италиялық өндірушілермен кездесіп, ақыл-кеңес алмасу жұмыстарын жүргізеді.
Italian Beauty Days – қазақстандық сұлулық индустриясының кәсіпқойлары, жергілікті бизнес өкілдері және сұлулыққа жаны құмар тұтынушылар арасындағы жетекші италиялық өндірушілермен кәсіби қарым-қатынас орнатуға арналған бірегей іскерлік алаң. Іс-шара қазақстандық бизнесмендерге италиялық өндірушілердің көп бөлігімен тікелей байланыс орнатуға, жаңа іскер серіктестер табуға, ынтымақтастық шарттарын талқылауға, нарықты зерттеуге, ұсыныстарды талдауға және арнайы бағалар бойынша келісімшарттар жасауға мүмкіндік береді. Қызығушылық танытқан тұтынушылар заманауи сұлулық индустриясының үрдістері туралы ең өзекті ақпаратты алып қана қоймай, италиялық сарапшыларға барлық сұрақтарын қоя алады.
Бұл – СДБ мен Cosmetica Italia салалық компаниялар қауымдастығының бірлескен бастамасы. Оның ішінде бүкіл Италияда орналасқан трансұлттық корпорациялардан бастап шағын және орта өндірістік және дистрибьюторлық фирмаларға дейін 640-тан астам компаниялары қамтылған. Cosmetica Italia-ны құрайтын компаниялар косметика секторының жалпы ұлттық айналымының 90% құрайды (2022 жылы 13,3 млрд еуро). Сонымен қатар, италиялық косметика нарығы Еуропада Германия мен Франциядан кейінгі үшінші орын алады.
Италиялық өнімдер халықаралық нарықта үнемі жаңа әрі инновациялық шешімдерді ұсынатын өндірушілердің сапа, қауіпсіздік, инновация және шығармашылығы жоғары стандарттарымен ерекшеленеді. Оларға деген сұраныс үнемі жоғары. Дүние жүзінде тұтынылатын косметиканың 55 процентін италиялық фирмалар өндіретінін атап өтсек те жеткілікті болар. Cosmetica Italia косметика өнеркәсібіне арналған халықаралық Cosmoprof BolognaFiere жәрмеңкесінің негізгі серіктесі болып саналады. Олардың жарты ғасырдан астам табысты ынтымақтастығы сұлулық секторындағы әлемдегі ең ірі жәрмеңкесіне, сондай-ақ, Лас-Вегастағы Cosmoprof North America, Гонконгтағы Cosmoprof Asia, Мумбайдағы Cosmoprof India, Бангкоктағы Cosmoprof CBE ASEAN және 2024 жылдың қаңтарынан бастап Майамидегі Cosmoprof North America Miami сияқты оның барлық халықаралық филиалдарының табысына айналды.
«Қазақстан мен Орталық Азиядағы тұтынушылар жеке күтімге ерекше көңіл бөледі, бұл жоғары сапалы косметикаға сұраныстың жоғары болуына себеп болып отыр. Сондықтан италиялық өндірушілер үшін аймақ нарығындағы жұмыс өте маңызды. Біз жергілікті нарықтағы қатысуымызды белсенді түрде кеңейтудеміз, бұл біздің елден жеткізілетін өнімдерге қатысты деректермен де расталады: мысалы, 2022 жылы италиялық косметиканың Орталық Азияға экспорты 2021 жылмен салыстырғанда 24,9%-ке өсті. Қазақстанды ғана есепке алатын болсақ, мұнда өсім 40,7%-ке жетті. Бұл таңғаларлық дүние болып саналмайды: Made in Italy косметикасы жоғары сапа мен өндірушілердің инновацияларға деген ұмтылысының арқасында танымал. Италияның косметикалық компаниялары ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға орта есеппен өз айналымының кемінде 6% инвестициялайды. Нарық үрдістері мен тұтынушылардың қажеттіліктеріне үнемі назар аудару бізге көп талап етілетін қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын өнімдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Қазақстан және жалпы Орталық Азия нарығымен, жергілікті тұтынушылардың дәстүрлерімен және талғамдарымен танысу, әрі білімімізді тереңдету италиялық компаниялар үшін өте маңызды және құнды екені сөзсіз. Бұл италиялық парфюмерия секторы мен Қазақстан мен аймақ арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатудың негізі болмақ» —деп атап өтті Cosmetica Italia вице-президенті Фабио Франкина.
Өз кезегінде Алматыдағы СДБ директоры Мартино Кастеллани мырза Италияның өндірістік компаниялары мен Қазақстан кәсіпкерлері арасындағы экономикалық және сауда байланыстарын нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, мұнда парфюмерия және косметика саласындағы халықаралық сарапшылардан кәсіби кеңестер мен ұсыныстар алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар тікелей келісімшарттар орнату мүмкіндігі де өте маңызды. Мұндай байланыстар Қазақстан мен өңір нарығының осы саласын жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
«Біз Қазақстан мен Орталық Азиядағы серіктестер мен пікірлестерді, сұлулық мінсіз болуы керек деп есептейтіндердің барлығын көруге қуаныштымыз. Парфюмерия және косметика саласының сарапшылары арасындағы бұл сұхбат сұлулық индустриясының озық тәсілдерін көрсетеді. Италиялық косметика және парфюмерия бизнесі Орталық Азиядағы компаниялармен өзара әрекеттесуді жоғары бағалайтынын атап өткен жөн. Біз италиялық өндірушілердің Қазақстан және жалпы аймақ компанияларымен ынтымақтастығы бірлескен коммерциялық жобалар тұрғысынан да пайдалы деп есептейміз. Тәжірибе алмасуды жүзеге асырғысы келетін, сауда-саттық қарым-қатынасын, сондай-ақ жеке парфюмерия өндірісін орнатқысы келетін кәсіпкерлер үшін пайдалы деп санаймыз. Мұндай салалық көрмелер алдағы уақытта да қажет деген сенімдеміз. Бұл Италия өнеркәсібі үшін нарықты кеңейту үшін қосымша ынталандыру, сонымен қатар аймақтағы жаңа заманауи өндірістерді бірлесіп дамыту үшін тамаша мүмкіндік.», — деп атап өтті Мартино Кастеллани.
Harper’s BAZAAR Kazakhstan журналының бас редакторы Лариса Азанованың пікірі бойынша, сұлулық нарығындағы италиялық сарапшылар өз презентацияларымен таныстырып, шеберлік дәрістерін өткізіп, Қазақстан мен Орталық Азияның бизнес құрылымдарына бүгінгі ағымдағы дүниелер туралы айтып беруі, сонымен қатар тұтынушыларды жаңа өнімдер мен еуропалық тәжірибемен таныстыруы, түрлі қалалар мен облыстардан көптеген мамандарды тартуға жағдай жасайды.
«Италияда тарих бойы қалыптасқан қолөнер мәдениеті бар. Елдегі көптеген зауыттар отбасылық өндіріс орындары болып көптеген жылдар, тіпті ғасырлар бойы жұмыс істеп келеді. Егер атасы парфюмер болса, немересі де парфюмер болады. Тұжырымдамалық тәсілдердегі, технологияларды енгізудегі, сондай-ақ хош иістендіргіштер философиясының өзінде бір түбегейлік қалыптасқан. Бүгінде біз осының барлығын еліміздің жетекші өндірушілерінің өнімінен анық байқаймыз. Жаңа шешімдерде толы, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрдің әсерін де, мүлдем жаңа дүниелерді табуға деген ұмтылысты да сезінуге болады. Бүгінгі таңда Italian Beauty Days іс-шарасына қарапайым италиялық компаниялар емес, өз өндірісінде ең озық технологияларды қолданатын компаниялар қатысады. Италияда сұлулық индустриясында үнемі терең ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Осы зерттеулердің арқасында парфюмериялық және косметикалық өнімдер ең озық ғылыми әзірлемелерге негізделген. Дәл осы зерттемелер әлемдік нарықтың ертеңі болмақ. Осы тұрғыдан алғанда, италиялық жетекші брендтердің шаш, бет-әлпет пен дене күтімі саласындағы, әсіресе кәсіби сегменттегі өнімдерімен және ұсыныстарымен танысу қазақстандық мамандар мен компаниялар үшін өте маңызды.», — деді Лариса Азанова.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөмеріне хабарласыңыз: +7 705 217 1277.
KAZAKBOL.COM