Қазақстандық ғалымдар NP-толық есепті шешудің полиномдық алгоритмін көпшілікке ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл жеті «мыңжылдық есептің» бірі – P және NP кластарының теңдігі мәселесінің шешімі. Әзірлеушілер атап өткендей, технологияны қоғамның түрлі салаларында қолдану компьютерлік модельдеу процесіндегі кез-келген тапсырмаларды орындау жылдамдығын едәуір арттыра алады. Бірегей ғылыми әзірлеменің тұсаукесері 7 наурызда Expo Dubai 2020 дүниежүзілік көрмесі аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны алаңында өтеді.
«Мыңжылдық есептер» — бірнеше жыл бойы шешілмеген маңызды классикалық есептер болып саналатын жеті математикалық мәселе. Осы мәселелердің әрқайсысын шешуі үшін Клэй математикалық институты 1 миллион доллар сыйақы тағайындады. Бұған дейін «мыңжылдық есептерінің» біреуі ғана шешілген – Пуанкаренің гипотезасын орыс математигі Григорий Перелман дәлелдей алды.
Бүгінгі таңда деректердің үлкен көлемі, техникалық жабдықтардың қымбаттығы, энергия сыйымдылығы және уақытша ресурс адамзатқа көптеген күрделі қиындықтар туғызады. Әлем дәлдік, параметрлер саны мен нәтижелерді алу жылдамдығын таңдау арқылы теңдестірілуі керек. Ағымдағы жағдай P және NP күрделілік кластарының теңдігі мәселесінің шешімін толығымен өзгерте алады. Оның мәні мынада: егер қандай да бір сұраққа дұрыс жауапты тез тексеруге болатын болса, онда бұл сұрақтың жауабын тез табуға болатындығы рас па?
Бұл мәселені сәтті шешу қазіргі цифрлық қоғам өмірінің ақпараттық технологиялардың барлық саласында қолданылатын жылдамдығына түбегейлі әсер етеді.
Жоғарыда хабарлағандай, мәселенің алғашқы тиімді және практикада қолданылатын шешімін Қазақстан ғалымдары тапты. 4 жылдық жұмыс қорытындысы бойынша ҚР зерттеушілер тобы NP-толық есепті шешудің полиномиалдық алгоритмін әзірледі. Бұл ғылыми жаңалық қазақстандық ғалым, техника ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры, «Буран» ғарыш кемесінің борттық басқаруының автоматтандырылған жүйесін әзірлеушілердің бірі Б.К. Синчевтің басшылығымен жасалды.
Жобаны әзірлеушілердің пікірінше, алгоритм кез-келген нақты әдістерге, сондай-ақ кейбір жуық алгоритмдерге қарағанда дәл нәтиже бере алады. Осылайша, көп энергия, уақыт және материалдық ресурстарды қажет ететін компьютерлік модельдеу саласындағы барлық мәселелер тезірек шешілуі мүмкін.
Ғалымдар тапқан шешімнің маңызы тек ғылыми жақтан ғана тиімді емес. Бұл шешімді экономиканың барлық салаларында кеңінен практикалық қолдану арқылы технология бүкіл адамзаттың болашағын өзгерте алады. Технологияларды интеграциялау үшін мүмкіндіктердің кең спектрін әзірлеушілер логистика, генетика, криптография, шифрлау, онлайн-брондау, іздеу жүйелерін құру, сондай-ақ дәрілік препараттарды әзірлеу сияқты салаларда нәтиже көріп отыр.
Осылайша, логистика саласындағы инновацияларды қолдану жүк тасымалдарының көлемін және соның салдарынан қосымша инвестициялар тартпай көлік компанияларының түсімі мен таза кірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ғылыми жаңалықты пайдалану қосымша серверлер мен уақытты жоғалтпай 100% дәлдікпен көлік құралдарын/қоймаларды оңтайлы толтыру мәселесін шешуге көмектеседі. Нәтижесінде, алдын ала бағалаулар бойынша, алгоритмді қолдану ірі көлік компанияларының 161 нарықтық капиталдандыруының $ 500 млрд-тан астамға немесе 28%-ға өсуін арттырады.
Генетика және медицина саласында инновацияларды қолдану нақты шешімдерді іздестіруді айтарлықтай жылдамдатуға мүмкіндік береді: зерттеулер жүргізу мерзімдерін қысқартады, табысты әзірлемелердің пайызын арттырады, зерттеулерді қамтуды кеңейтеді. Қазіргі уақытта әлемдік онкология Институттарының бірінің сарапшылары алгоритмді қолдану туралы келісімге қол жеткізді. Сондай-ақ, жоба авторлары әзірленген технологияға USPTO патенттерін қоса алғанда, патенттер алды, мамандандырылған журналдарда ғылыми мақалалар жариялады.
«Нәтижесінде, егер қазақстандық ғалымдардың шешімі әлемде өз қолданысын тапса, интернет арқылы алынатын кез келген қызметтер біздің әрқайсымыз үшін жаңа тараптан ашылады. Мысалы, онлайн-брондау барысында технология тұтынушылар үшін мүмкіндіктердің кең таңдауын қамтамасыз етеді, сонымен бірге бағаның төмендеуін, ыңғайлы маршруттарды және ұшудың барынша қолайлы ұзақтығын да қамтамасыз етеді. Осылайша, тіпті әуе билеттерін іздеудің қарапайым қосымшасы барлық мүмкін нұсқаларды өңдеудің керемет жылдамдығымен таң қалдырады», — New Aeon Қазақстандық IT-компаниясының бас директоры Жанна Ақжанова атап өтті.
БАҚ үшін байланыс:
+7 702 667 07 00 (Айдана)
+7 771 055 44 44 (Алия)
press@newaeon.tech
https://newaeon.tech
KAZAKBOL.COM